Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #58 Translated in Kazakh

رَبُّكُمْ أَعْلَمُ بِكُمْ ۖ إِنْ يَشَأْ يَرْحَمْكُمْ أَوْ إِنْ يَشَأْ يُعَذِّبْكُمْ ۚ وَمَا أَرْسَلْنَاكَ عَلَيْهِمْ وَكِيلًا
Сендерді Раббың жақсы біледі. Қаласа, сендерге мейірім етеді, қаласа азаптайды. Біз сені олар үшін жауапты етіп жібермедік
وَرَبُّكَ أَعْلَمُ بِمَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۗ وَلَقَدْ فَضَّلْنَا بَعْضَ النَّبِيِّينَ عَلَىٰ بَعْضٍ ۖ وَآتَيْنَا دَاوُودَ زَبُورًا
Сондай-ақ, сенің Раббың аспандардағы және жердегілерді жақсы біледі. Біз пайғамбарлардың кейбіріне өзгелерінен артықшылық бердік. Әрі Дәуітке Забурды бердік
قُلِ ادْعُوا الَّذِينَ زَعَمْتُمْ مِنْ دُونِهِ فَلَا يَمْلِكُونَ كَشْفَ الضُّرِّ عَنْكُمْ وَلَا تَحْوِيلًا
Ей, Мұхаммед Оларға: «Одан өзге құдай деп ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың сендерден зиянды кетіруге, бұрып жіберуге шамасы жоқ», деп айт
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ يَدْعُونَ يَبْتَغُونَ إِلَىٰ رَبِّهِمُ الْوَسِيلَةَ أَيُّهُمْ أَقْرَبُ وَيَرْجُونَ رَحْمَتَهُ وَيَخَافُونَ عَذَابَهُ ۚ إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ كَانَ مَحْذُورًا
Олардың табынғандарының өздері Раббысына қарай жақындататын жол іздеп, Оған жақынырақ болуға ұмтылады. Олар Оның мейірімін үміт етеді әрі азабынан қорқады. Ақиқатында, Раббыңның азабы қорғанып, сақтануға тиіс қажетті болған нәрсе
وَإِنْ مِنْ قَرْيَةٍ إِلَّا نَحْنُ مُهْلِكُوهَا قَبْلَ يَوْمِ الْقِيَامَةِ أَوْ مُعَذِّبُوهَا عَذَابًا شَدِيدًا ۚ كَانَ ذَٰلِكَ فِي الْكِتَابِ مَسْطُورًا
Біз Қайта тірілу күніне дейін күнәларының себебінен жойып жібермейтін немесе қатты азапқа ұшыратпайтын бірде-бір елді мекен жоқ. Бұл Кітапта Ләухул-Махфузда жазылып қойылған

Choose other languages: