Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hijr Ayahs #55 Translated in Kazakh

وَنَبِّئْهُمْ عَنْ ضَيْفِ إِبْرَاهِيمَ
Оларға Ибраһимнің қонақтары жайлы хабар бер
إِذْ دَخَلُوا عَلَيْهِ فَقَالُوا سَلَامًا قَالَ إِنَّا مِنْكُمْ وَجِلُونَ
Сол кезде олар оған кіріп: «Сәләм» Амандық болсын , деген еді. Ибраһим : «Анығында, біз сендерден қорқып тұрмыз»,- деді
قَالُوا لَا تَوْجَلْ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَامٍ عَلِيمٍ
Періштелер : «Қорықпа! Ақиқатында, Біз сені білімді бір ұлменен сүйіншілейміз»,- деді
قَالَ أَبَشَّرْتُمُونِي عَلَىٰ أَنْ مَسَّنِيَ الْكِبَرُ فَبِمَ تُبَشِّرُونَ
Ибраһим : «Сендер мені, маған кәрілік жеткенде сүйіншілеп тұрсыңдар ма?! Немен сүйіншілемексіңдер?»- деді
قَالُوا بَشَّرْنَاكَ بِالْحَقِّ فَلَا تَكُنْ مِنَ الْقَانِطِينَ
Олар «Біз сені ақиқатпен сүйіншіледік. Үміт үзушілерден болма!»- деді

Choose other languages: