Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hashr Ayahs #7 Translated in Kazakh

وَلَوْلَا أَنْ كَتَبَ اللَّهُ عَلَيْهِمُ الْجَلَاءَ لَعَذَّبَهُمْ فِي الدُّنْيَا ۖ وَلَهُمْ فِي الْآخِرَةِ عَذَابُ النَّارِ
Егер де Аллаһ оларға көшіріп жіберуді сүргінді жазбағанда, онда міндетті түрде оларды осы дүниеде басқа азаппен жазалайтын еді. Әрі олар үшін соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте От азабы бар
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ شَاقُّوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۖ وَمَنْ يُشَاقِّ اللَّهَ فَإِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ
Бұл, олардың Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келгендіктері себепті. Кім Аллаһқа қарсы келсе, күмәнсіз, Аллаһтың жазасы қатты
مَا قَطَعْتُمْ مِنْ لِينَةٍ أَوْ تَرَكْتُمُوهَا قَائِمَةً عَلَىٰ أُصُولِهَا فَبِإِذْنِ اللَّهِ وَلِيُخْزِيَ الْفَاسِقِينَ
Сендер жаудың құрма ағашынан кессеңдер де, не оларды өз тамырларында тұрған күйінде қалдырсаңдар да, бұл Аллаһтың рұқсатымен бұзықтарды бойсұнбаушыларды қорлау үшін
وَمَا أَفَاءَ اللَّهُ عَلَىٰ رَسُولِهِ مِنْهُمْ فَمَا أَوْجَفْتُمْ عَلَيْهِ مِنْ خَيْلٍ وَلَا رِكَابٍ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يُسَلِّطُ رُسُلَهُ عَلَىٰ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Әрі Аллаһ Өз елшісіне олардан соғыссыз олжа етіп бергендеріне, сендер аттармен де, түйелермен де атойлап шауып барған жоқсындар. Алайда, Аллаһ елшілеріне Өзі қалағандардың үстінен билік береді. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
مَا أَفَاءَ اللَّهُ عَلَىٰ رَسُولِهِ مِنْ أَهْلِ الْقُرَىٰ فَلِلَّهِ وَلِلرَّسُولِ وَلِذِي الْقُرْبَىٰ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينِ وَابْنِ السَّبِيلِ كَيْ لَا يَكُونَ دُولَةً بَيْنَ الْأَغْنِيَاءِ مِنْكُمْ ۚ وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانْتَهُوا ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۖ إِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ
Аллаһ елді мекен тұрғындарынан Өз елшісіне соғыссыз олжа етіп берген нәрселер -Аллаһқа, Елшіге, оның жақындарына, жетімдерге, жоқ-жітікке және жолда қалғандарға тиісті. бұл, олжалар сендердің қатарларындағы байлар арасында үлестіріліп қолдан-қолға өтетін нәрсе болмауы үшін. Елші сендерге не берсе соны алыңдар да, ол сендерді неден тыйса содан тыйылыңдар және Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар. Ақиқатында Аллаһтың жазасы қатты

Choose other languages: