Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hashr Ayahs #6 Translated in Kazakh

هُوَ الَّذِي أَخْرَجَ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ مِنْ دِيَارِهِمْ لِأَوَّلِ الْحَشْرِ ۚ مَا ظَنَنْتُمْ أَنْ يَخْرُجُوا ۖ وَظَنُّوا أَنَّهُمْ مَانِعَتُهُمْ حُصُونُهُمْ مِنَ اللَّهِ فَأَتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ حَيْثُ لَمْ يَحْتَسِبُوا ۖ وَقَذَفَ فِي قُلُوبِهِمُ الرُّعْبَ ۚ يُخْرِبُونَ بُيُوتَهُمْ بِأَيْدِيهِمْ وَأَيْدِي الْمُؤْمِنِينَ فَاعْتَبِرُوا يَا أُولِي الْأَبْصَارِ
Ол Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендерді келісімді бұзғандарды алғашқы жинауда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығып кетеді деп ойлаған да емес едіңдер. Ал, олар қамалдары өздерін Аллаһтан қорғайды деп ойлаған еді. Бірақ, Аллаһ оларға өздері күтпеген жақтан келді және олардың жүректеріне үрей салды. Олар үйлерін өз қолдарымен және иманға келгендердің қолдарымен талқандауда еді. Ғибрат алыңдар, ей, көретін көзі барлар зерделі жандар
وَلَوْلَا أَنْ كَتَبَ اللَّهُ عَلَيْهِمُ الْجَلَاءَ لَعَذَّبَهُمْ فِي الدُّنْيَا ۖ وَلَهُمْ فِي الْآخِرَةِ عَذَابُ النَّارِ
Егер де Аллаһ оларға көшіріп жіберуді сүргінді жазбағанда, онда міндетті түрде оларды осы дүниеде басқа азаппен жазалайтын еді. Әрі олар үшін соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте От азабы бар
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ شَاقُّوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۖ وَمَنْ يُشَاقِّ اللَّهَ فَإِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ
Бұл, олардың Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келгендіктері себепті. Кім Аллаһқа қарсы келсе, күмәнсіз, Аллаһтың жазасы қатты
مَا قَطَعْتُمْ مِنْ لِينَةٍ أَوْ تَرَكْتُمُوهَا قَائِمَةً عَلَىٰ أُصُولِهَا فَبِإِذْنِ اللَّهِ وَلِيُخْزِيَ الْفَاسِقِينَ
Сендер жаудың құрма ағашынан кессеңдер де, не оларды өз тамырларында тұрған күйінде қалдырсаңдар да, бұл Аллаһтың рұқсатымен бұзықтарды бойсұнбаушыларды қорлау үшін
وَمَا أَفَاءَ اللَّهُ عَلَىٰ رَسُولِهِ مِنْهُمْ فَمَا أَوْجَفْتُمْ عَلَيْهِ مِنْ خَيْلٍ وَلَا رِكَابٍ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يُسَلِّطُ رُسُلَهُ عَلَىٰ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Әрі Аллаһ Өз елшісіне олардан соғыссыз олжа етіп бергендеріне, сендер аттармен де, түйелермен де атойлап шауып барған жоқсындар. Алайда, Аллаһ елшілеріне Өзі қалағандардың үстінен билік береді. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы

Choose other languages: