Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #35 Translated in Kazakh

حُنَفَاءَ لِلَّهِ غَيْرَ مُشْرِكِينَ بِهِ ۚ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَكَأَنَّمَا خَرَّ مِنَ السَّمَاءِ فَتَخْطَفُهُ الطَّيْرُ أَوْ تَهْوِي بِهِ الرِّيحُ فِي مَكَانٍ سَحِيقٍ
Аллаһқа ханиф (бұл жерде жалпы тыйым салынған амалдардан аулақ жүрушілер) болған және Оған еш нәрсені серік етіп қоспаған күйлеріңде. Ал, Аллаһқа біреуді серік етіп қосқан, ол бейне бір аспаннан құлап түсіп, оны кұс іліп әкеткен не жел алысқа ұшырып кеткен бір нәрсе секілді
ذَٰلِكَ وَمَنْ يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِنْ تَقْوَى الْقُلُوبِ
Міне, осылай. Ал, кім Аллаһтың белгі-рәсімдерін ұлы деп білсе, сөзсіз, бұл жүректердің тақуалығынан Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтануынан
لَكُمْ فِيهَا مَنَافِعُ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ثُمَّ مَحِلُّهَا إِلَى الْبَيْتِ الْعَتِيقِ
Сендерге оларда белгілі уақытқа дейін пайда бар. Кейін олардың шалынатын орны ежелгі Үйдің Қағбаның маңы
وَلِكُلِّ أُمَّةٍ جَعَلْنَا مَنْسَكًا لِيَذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُمْ مِنْ بَهِيمَةِ الْأَنْعَامِ ۗ فَإِلَٰهُكُمْ إِلَٰهٌ وَاحِدٌ فَلَهُ أَسْلِمُوا ۗ وَبَشِّرِ الْمُخْبِتِينَ
Әрбір үммет үшін өздеріне ризық етіп берген малдарды шалатын кезде Аллаһтың атын еске алу үшін Біз, қажылықтағы құрбандық шалу орнын Мекке маңайын белгіледік. Сендердің құдайларың бір ғана құдай. Оған бойсұныңдар. Ей, Мұхаммед! Аллаһқа беріле бойсұнушыларды сүйіншіле
الَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ اللَّهُ وَجِلَتْ قُلُوبُهُمْ وَالصَّابِرِينَ عَلَىٰ مَا أَصَابَهُمْ وَالْمُقِيمِي الصَّلَاةِ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
солар, Аллаһ еске алынғанда жүректері діріл қагатындар және өздеріне келген ауыртпашылыққа сабыр ететіндер және намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергеннен жұмсайтындар

Choose other languages: