Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #36 Translated in Kazakh

ذَٰلِكَ وَمَنْ يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِنْ تَقْوَى الْقُلُوبِ
Міне, осылай. Ал, кім Аллаһтың белгі-рәсімдерін ұлы деп білсе, сөзсіз, бұл жүректердің тақуалығынан Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтануынан
لَكُمْ فِيهَا مَنَافِعُ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ثُمَّ مَحِلُّهَا إِلَى الْبَيْتِ الْعَتِيقِ
Сендерге оларда белгілі уақытқа дейін пайда бар. Кейін олардың шалынатын орны ежелгі Үйдің Қағбаның маңы
وَلِكُلِّ أُمَّةٍ جَعَلْنَا مَنْسَكًا لِيَذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُمْ مِنْ بَهِيمَةِ الْأَنْعَامِ ۗ فَإِلَٰهُكُمْ إِلَٰهٌ وَاحِدٌ فَلَهُ أَسْلِمُوا ۗ وَبَشِّرِ الْمُخْبِتِينَ
Әрбір үммет үшін өздеріне ризық етіп берген малдарды шалатын кезде Аллаһтың атын еске алу үшін Біз, қажылықтағы құрбандық шалу орнын Мекке маңайын белгіледік. Сендердің құдайларың бір ғана құдай. Оған бойсұныңдар. Ей, Мұхаммед! Аллаһқа беріле бойсұнушыларды сүйіншіле
الَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ اللَّهُ وَجِلَتْ قُلُوبُهُمْ وَالصَّابِرِينَ عَلَىٰ مَا أَصَابَهُمْ وَالْمُقِيمِي الصَّلَاةِ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
солар, Аллаһ еске алынғанда жүректері діріл қагатындар және өздеріне келген ауыртпашылыққа сабыр ететіндер және намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергеннен жұмсайтындар
وَالْبُدْنَ جَعَلْنَاهَا لَكُمْ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ لَكُمْ فِيهَا خَيْرٌ ۖ فَاذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ عَلَيْهَا صَوَافَّ ۖ فَإِذَا وَجَبَتْ جُنُوبُهَا فَكُلُوا مِنْهَا وَأَطْعِمُوا الْقَانِعَ وَالْمُعْتَرَّ ۚ كَذَٰلِكَ سَخَّرْنَاهَا لَكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Біз құрбандыққа сою үшін алынған ірі малдарды түйе мен сиырды Шсендерге Аллаһтың белгілерінен еттік. Сендер үшін оларда қайыр бар. Тұрғызылып қойылған кезде сойылғанда олардың үстінен Аллаһтың атын еске алыңдар. Ал, жамбастары жерге тиген жан шығарған кезде, олардан жеңдер және сұрауға ұялып азға да қанағат етуші мен мұқтаждығы себепті сұрайтындарға жегізіңдер. Біз оларды малдарды шүкір етулерің берген игіліктерімізге алғыс білдірулерің үшін сендерге осылай бағындырдық

Choose other languages: