Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Fath Ayahs #26 Translated in Kazakh

وَلَوْ قَاتَلَكُمُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوَلَّوُا الْأَدْبَارَ ثُمَّ لَا يَجِدُونَ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Ал, егер күпірлік етушілер иманға келмегендер сендермен соғысса, артқа бұрылып қашар еді, содан кейін олар қамқоршы да, көмектесуші де таппайды
سُنَّةَ اللَّهِ الَّتِي قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلُ ۖ وَلَنْ تَجِدَ لِسُنَّةِ اللَّهِ تَبْدِيلًا
Бұл бұрыннан келе жатқан Аллаһтың бекіткен жолы. Аллаһтың бекіткеніне ешбір өзгеріс таппайсың
وَهُوَ الَّذِي كَفَّ أَيْدِيَهُمْ عَنْكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ عَنْهُمْ بِبَطْنِ مَكَّةَ مِنْ بَعْدِ أَنْ أَظْفَرَكُمْ عَلَيْهِمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرًا
Ол Мекке жазығында сендерді олардан үстем еткеннен кейін олардың қолдарын сендерден, ал сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші
هُمُ الَّذِينَ كَفَرُوا وَصَدُّوكُمْ عَنِ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ وَالْهَدْيَ مَعْكُوفًا أَنْ يَبْلُغَ مَحِلَّهُ ۚ وَلَوْلَا رِجَالٌ مُؤْمِنُونَ وَنِسَاءٌ مُؤْمِنَاتٌ لَمْ تَعْلَمُوهُمْ أَنْ تَطَئُوهُمْ فَتُصِيبَكُمْ مِنْهُمْ مَعَرَّةٌ بِغَيْرِ عِلْمٍ ۖ لِيُدْخِلَ اللَّهُ فِي رَحْمَتِهِ مَنْ يَشَاءُ ۚ لَوْ تَزَيَّلُوا لَعَذَّبْنَا الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
Олар күпірлік еткендер Аллаһ және Оның Елшісіне қарсы шыққандар , әрі сендерді әл-Харам мешітінен және құрбандық малдарын сойылатын орнына жетуден тосқандар. Егер де сендер өздерің білмеген иманды ерлер мен иманды әйелдерді таптап кетіп, білместікпен обалына күнәға қалмайтын болмағандарыңда еді, алайда Аллаһ қалағандарын Өзі мейіріміне ендіруі үшін осылай істеді . Егер де олар бір-бірінен ерекшеленіп бөлінгенде, олардан күпірлік еткендерді иманға келмегендерді күйзелтуші азапқа душар етер едік
إِذْ جَعَلَ الَّذِينَ كَفَرُوا فِي قُلُوبِهِمُ الْحَمِيَّةَ حَمِيَّةَ الْجَاهِلِيَّةِ فَأَنْزَلَ اللَّهُ سَكِينَتَهُ عَلَىٰ رَسُولِهِ وَعَلَى الْمُؤْمِنِينَ وَأَلْزَمَهُمْ كَلِمَةَ التَّقْوَىٰ وَكَانُوا أَحَقَّ بِهَا وَأَهْلَهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا
Күпірлік етушілер Аллаһтың бірлігіне қарсы шьщцандар/ өз жүректеріне қайнаған ыза-кекті жәһилият кезінің ыза-кегін кіргізген кезде, Аллаһ Өз Елшісінің үстінен және имандылардың үстінен сакинасын тыныштығын түсірді, әрі оларға тақуалық Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылық сөзін айрылмас тұрақты етті. Олар бұған хақылы әрі лайықты еді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші

Choose other languages: