Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #99 Translated in Kazakh

وَلَنْ يَتَمَنَّوْهُ أَبَدًا بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ
Ал олар өз қолдарымен істегендері күнәлары себебінен, ешқашан оны өлімді тілемейді. Аллаһ әділетсіздерді Білуші
وَلَتَجِدَنَّهُمْ أَحْرَصَ النَّاسِ عَلَىٰ حَيَاةٍ وَمِنَ الَّذِينَ أَشْرَكُوا ۚ يَوَدُّ أَحَدُهُمْ لَوْ يُعَمَّرُ أَلْفَ سَنَةٍ وَمَا هُوَ بِمُزَحْزِحِهِ مِنَ الْعَذَابِ أَنْ يُعَمَّرَ ۗ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِمَا يَعْمَلُونَ
Сен олардың иудейлердің өмірге адамдардың ішінде бәрінен де, тіпті мүшріктерден де Аллаһқа серік қосушылардан да қатты құштар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жыл өмір берілгенін қалайды.Алайда ұзақ өмір оны азаптан алыстатпайды.Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Көруші
قُلْ مَنْ كَانَ عَدُوًّا لِجِبْرِيلَ فَإِنَّهُ نَزَّلَهُ عَلَىٰ قَلْبِكَ بِإِذْنِ اللَّهِ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ وَهُدًى وَبُشْرَىٰ لِلْمُؤْمِنِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Кім Жәбірейілге періштеге дұшпан?» деп. Ақиқатында, ол Жәбірейіл , Аллаһтың қалауымен оны Құранды алдыңғыларды кітаптарды растаушы әрі имандылар мүміндер үшін жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық және қуандырушы хабар етіп жүрегіңе түсірді
مَنْ كَانَ عَدُوًّا لِلَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَرُسُلِهِ وَجِبْرِيلَ وَمِيكَالَ فَإِنَّ اللَّهَ عَدُوٌّ لِلْكَافِرِينَ
Кім Аллаһқа, Оның періштелеріне, елшілеріне, Жәбірейілге және Микәйілге дұшпан болса, сөзсіз, Аллаһ кәпірлерге дұшпан
وَلَقَدْ أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ آيَاتٍ بَيِّنَاتٍ ۖ وَمَا يَكْفُرُ بِهَا إِلَّا الْفَاسِقُونَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Біз саған анық аяттарды түсірдік. Оған бұзықтар бойсұнбайтындар ғана күпірлік етеді сенбейді

Choose other languages: