Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #48 Translated in Kazakh

أَتَأْمُرُونَ النَّاسَ بِالْبِرِّ وَتَنْسَوْنَ أَنْفُسَكُمْ وَأَنْتُمْ تَتْلُونَ الْكِتَابَ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Сендер Кітапты Тәуратты оқи тұра, адамдарды игілікке бұйыра отырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Ақылдарыңды істетпейсіңдер ме
وَاسْتَعِينُوا بِالصَّبْرِ وَالصَّلَاةِ ۚ وَإِنَّهَا لَكَبِيرَةٌ إِلَّا عَلَى الْخَاشِعِينَ
Сабыр және намаз арқылы Аллаһтан жәрдем тілеңдер. Шындығында, ол намаз бойсұна беріліп тұратындардан басқаларға өте ауыр келеді
الَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُمْ مُلَاقُو رَبِّهِمْ وَأَنَّهُمْ إِلَيْهِ رَاجِعُونَ
солар, өздерінің Раббысымен жолығатындықтарына әрі Оған қайтушы екендіктеріне айқын сенетіндер
يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اذْكُرُوا نِعْمَتِيَ الَّتِي أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَنِّي فَضَّلْتُكُمْ عَلَى الْعَالَمِينَ
Ей, Исраилдің ұрпақтары! Сендерге берген игілігімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар
وَاتَّقُوا يَوْمًا لَا تَجْزِي نَفْسٌ عَنْ نَفْسٍ شَيْئًا وَلَا يُقْبَلُ مِنْهَا شَفَاعَةٌ وَلَا يُؤْخَذُ مِنْهَا عَدْلٌ وَلَا هُمْ يُنْصَرُونَ
Біреу өзге біреуге ешқандай пайда бермейтін, шапағат етуі араға түсуі қабыл етілмейтін әрі одан күнәсін өтейтін төлем алынбайтын және оларға көмек берілмейтін Күннен сақтаныңдар

Choose other languages: