Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #184 Translated in Kazakh

كُتِبَ عَلَيْكُمْ إِذَا حَضَرَ أَحَدَكُمُ الْمَوْتُ إِنْ تَرَكَ خَيْرًا الْوَصِيَّةُ لِلْوَالِدَيْنِ وَالْأَقْرَبِينَ بِالْمَعْرُوفِ ۖ حَقًّا عَلَى الْمُتَّقِينَ
Араларыңнан біреуіңе өлім келген кезде, артында бір қайыр мал-мүлік қалдырса, оны ата-анасына және жақын туыстарына құпталғанға сай өсиет етуі парыз етілді. Бұл тақуаларға Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушыларға бір міндет
فَمَنْ بَدَّلَهُ بَعْدَمَا سَمِعَهُ فَإِنَّمَا إِثْمُهُ عَلَى الَّذِينَ يُبَدِّلُونَهُ ۚ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Ал, кім оны өсиетті естігенінен кейін өзгертсе, күнәсі оны өзгертушілерге болады. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші
فَمَنْ خَافَ مِنْ مُوصٍ جَنَفًا أَوْ إِثْمًا فَأَصْلَحَ بَيْنَهُمْ فَلَا إِثْمَ عَلَيْهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Сонда, кім өсиет етушіден қателесу немесе күнәдан орын алуынан қорқып, олардың арасын түзетсе, оған ешбір күнә жоқ. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ
Ей, иманға келгендер! Тақуалық етулерің Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың үшін, сендерден бұрын өткендерге парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді
أَيَّامًا مَعْدُودَاتٍ ۚ فَمَنْ كَانَ مِنْكُمْ مَرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ۚ وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ ۖ فَمَنْ تَطَوَّعَ خَيْرًا فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ ۚ وَأَنْ تَصُومُوا خَيْرٌ لَكُمْ ۖ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Санаұлы күндерде. Ал, сендерден кім ауру не сапарда болса, онда басқа күндерде толтырсын . Ал, шамасы келетіндерге өтем ретінде кедейді тамақтандыру міндет . Ал, кім өз еркімен қосымша бір жақсы іс жасаса, ол өзі үшін қайырлы. Егер білсеңдер, ораза ұстағандарың өздерің үшін қайырлы

Choose other languages: