Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #155 Translated in Kazakh

كَمَا أَرْسَلْنَا فِيكُمْ رَسُولًا مِنْكُمْ يَتْلُو عَلَيْكُمْ آيَاتِنَا وَيُزَكِّيكُمْ وَيُعَلِّمُكُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُعَلِّمُكُمْ مَا لَمْ تَكُونُوا تَعْلَمُونَ
Сондай-ақ сендерге араларыңнан Елші жібердік. Ол сендерге аяттарымызды оқиды, сендерді тазартады және сендерге Кітап пен даналықты сүннетті үйретеді және білмегендеріңді үйретеді
فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُوا لِي وَلَا تَكْفُرُونِ
Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын. Әрі шүкір етіңдер берген игіліктеріме алғыс білдіріңдер және күпірлік етпеңдер серік қосу, күнә, шүкірсіздік арқылықарсы келмеңдер
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اسْتَعِينُوا بِالصَّبْرِ وَالصَّلَاةِ ۚ إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ
Ей, иманға келгендер! Сабыр және намаз арқылы Аллаһтан жәрдем тілеңдер. Ақиқатында, Аллаһ сабыр етушілермен бірге
وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ يُقْتَلُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتٌ ۚ بَلْ أَحْيَاءٌ وَلَٰكِنْ لَا تَشْعُرُونَ
Аллаһ жолында өлтірілгендерді «өлі» демеңдер. Негізінде, олар тірі, бірақ, сендер оны сезіп, біле алмайсыңдар
وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ بِشَيْءٍ مِنَ الْخَوْفِ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِنَ الْأَمْوَالِ وَالْأَنْفُسِ وَالثَّمَرَاتِ ۗ وَبَشِّرِ الصَّابِرِينَ
Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, жақын жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді сүйіншіле

Choose other languages: