Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #158 Translated in Kazakh

وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ يُقْتَلُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتٌ ۚ بَلْ أَحْيَاءٌ وَلَٰكِنْ لَا تَشْعُرُونَ
Аллаһ жолында өлтірілгендерді «өлі» демеңдер. Негізінде, олар тірі, бірақ, сендер оны сезіп, біле алмайсыңдар
وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ بِشَيْءٍ مِنَ الْخَوْفِ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِنَ الْأَمْوَالِ وَالْأَنْفُسِ وَالثَّمَرَاتِ ۗ وَبَشِّرِ الصَّابِرِينَ
Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, жақын жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді сүйіншіле
الَّذِينَ إِذَا أَصَابَتْهُمْ مُصِيبَةٌ قَالُوا إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ
солар бір қайғы жеткенде: «Ақиқатында, біз Аллаһтікіміз әрі әлбетте, біз Оған қайтушымыз», дейді
أُولَٰئِكَ عَلَيْهِمْ صَلَوَاتٌ مِنْ رَبِّهِمْ وَرَحْمَةٌ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُهْتَدُونَ
Міне, соларға олардың Раббысынан игілік пен мейірім бар. Әрі олар-тура жолмен жүрушілер
إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ ۖ فَمَنْ حَجَّ الْبَيْتَ أَوِ اعْتَمَرَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ يَطَّوَّفَ بِهِمَا ۚ وَمَنْ تَطَوَّعَ خَيْرًا فَإِنَّ اللَّهَ شَاكِرٌ عَلِيمٌ
Ақиқатында, Сафа мен Мәруа Аллаһтың белгілерінен. Кім Үйге Қағбаға қажылық немесе ұмра жасаса, оған екеуінің арасында жүруде ешқандай күнә жоқ. Ал, кім өз еркімен қосымша бір жақсылық істесе, әлбетте, Аллаһ Алғысқа бөлеуші, бәрін Білуші

Choose other languages: