Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #17 Translated in Kazakh

وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ آمِنُوا كَمَا آمَنَ النَّاسُ قَالُوا أَنُؤْمِنُ كَمَا آمَنَ السُّفَهَاءُ ۗ أَلَا إِنَّهُمْ هُمُ السُّفَهَاءُ وَلَٰكِنْ لَا يَعْلَمُونَ
Әрі оларға: «Адамдар иманға келгендей, сендер де иманға келіңдер!» делінсе, олар: «Осы ақымақтарға ұқсап иман келтіруші боламыз ба?» дейді. Біліңдер! Ақиқатында, нағыз ақымақ төмендер солардың өзі. Бірақ, олар мұны білмейді
وَإِذَا لَقُوا الَّذِينَ آمَنُوا قَالُوا آمَنَّا وَإِذَا خَلَوْا إِلَىٰ شَيَاطِينِهِمْ قَالُوا إِنَّا مَعَكُمْ إِنَّمَا نَحْنُ مُسْتَهْزِئُونَ
Олар мұнафиқтар иманға келгендерді кездестірсе: «Біз де иманға келдік»,- дейді. Ал, қашан шайтандарымен оңаша қалса: «Шын мәнінде, сендермен біргеміз, біз оларды мазақ етіп қана жүрміз», дейді
اللَّهُ يَسْتَهْزِئُ بِهِمْ وَيَمُدُّهُمْ فِي طُغْيَانِهِمْ يَعْمَهُونَ
Аллаһ оларды масқара етіп, шектен шығуда лағып жүрулерін арттырып қояды
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ اشْتَرَوُا الضَّلَالَةَ بِالْهُدَىٰ فَمَا رَبِحَتْ تِجَارَتُهُمْ وَمَا كَانُوا مُهْتَدِينَ
Міне, осылар адасуды тура жол орнына сатып алғандар. Оларға бұл саудалары пайда бермеді әрі олар тура жолмен жүрмеді
مَثَلُهُمْ كَمَثَلِ الَّذِي اسْتَوْقَدَ نَارًا فَلَمَّا أَضَاءَتْ مَا حَوْلَهُ ذَهَبَ اللَّهُ بِنُورِهِمْ وَتَرَكَهُمْ فِي ظُلُمَاتٍ لَا يُبْصِرُونَ
Олардың мысалы от жағуды қалаған біреу секілді. Оның айналасын от жарық қылғанда, Аллаһ олардың нұрын алып қойып, қараңғы түнекте көрмейтін етіп қалдырды

Choose other languages: