Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #20 Translated in Kazakh

أُولَٰئِكَ الَّذِينَ اشْتَرَوُا الضَّلَالَةَ بِالْهُدَىٰ فَمَا رَبِحَتْ تِجَارَتُهُمْ وَمَا كَانُوا مُهْتَدِينَ
Міне, осылар адасуды тура жол орнына сатып алғандар. Оларға бұл саудалары пайда бермеді әрі олар тура жолмен жүрмеді
مَثَلُهُمْ كَمَثَلِ الَّذِي اسْتَوْقَدَ نَارًا فَلَمَّا أَضَاءَتْ مَا حَوْلَهُ ذَهَبَ اللَّهُ بِنُورِهِمْ وَتَرَكَهُمْ فِي ظُلُمَاتٍ لَا يُبْصِرُونَ
Олардың мысалы от жағуды қалаған біреу секілді. Оның айналасын от жарық қылғанда, Аллаһ олардың нұрын алып қойып, қараңғы түнекте көрмейтін етіп қалдырды
صُمٌّ بُكْمٌ عُمْيٌ فَهُمْ لَا يَرْجِعُونَ
Олар саңырау, мылқау және соқыр.Әрі олар қайтпайды
أَوْ كَصَيِّبٍ مِنَ السَّمَاءِ فِيهِ ظُلُمَاتٌ وَرَعْدٌ وَبَرْقٌ يَجْعَلُونَ أَصَابِعَهُمْ فِي آذَانِهِمْ مِنَ الصَّوَاعِقِ حَذَرَ الْمَوْتِ ۚ وَاللَّهُ مُحِيطٌ بِالْكَافِرِينَ
Немесе аспандағы жаңбыр бұлты секілді. Оның ішінде қараңғы түнектер, күн күркірі және найзағай бар. Олар найзағайдан-өлімнен қорыққандай, саусақтарын құлақтарына тығады. Аллаһ кәпірлерді толық Қамтушы
يَكَادُ الْبَرْقُ يَخْطَفُ أَبْصَارَهُمْ ۖ كُلَّمَا أَضَاءَ لَهُمْ مَشَوْا فِيهِ وَإِذَا أَظْلَمَ عَلَيْهِمْ قَامُوا ۚ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَذَهَبَ بِسَمْعِهِمْ وَأَبْصَارِهِمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Найзағай олардың жанарларын алып қоя жаздайды. Оларға жарық түскен сайын, олар жарықта жүреді де қараңғылық түскен кезде, олар тұрып қалады. Егер Аллаһ қаласа, олардың көзі мен құлағын алып қояр еді. Аллаһ әрбір нәрсені Жасай алушы

Choose other languages: