Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #93 Translated in Kazakh

قَدِ افْتَرَيْنَا عَلَى اللَّهِ كَذِبًا إِنْ عُدْنَا فِي مِلَّتِكُمْ بَعْدَ إِذْ نَجَّانَا اللَّهُ مِنْهَا ۚ وَمَا يَكُونُ لَنَا أَنْ نَعُودَ فِيهَا إِلَّا أَنْ يَشَاءَ اللَّهُ رَبُّنَا ۚ وَسِعَ رَبُّنَا كُلَّ شَيْءٍ عِلْمًا ۚ عَلَى اللَّهِ تَوَكَّلْنَا ۚ رَبَّنَا افْتَحْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ قَوْمِنَا بِالْحَقِّ وَأَنْتَ خَيْرُ الْفَاتِحِينَ
Аллаһ бізді ұстанған діндеріңнен құтқарғаннан кейін оған қайтсақ, онда Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырған жала жапқан боламыз. Бізге оған діндеріңе қайтуға мүлде болмайды, егер тек Раббымыз Аллаһтың қалауы болмаса. Раббымыз барлық нәрсені білімімен қамтыған. Біз Аллаһқа жүгініп, Оған өзімізді тапсырдық тәуекел еттік . Раббымыз! Біз бен еліміздің арасын ақиқатпен шешіп бер. Сен шешім шығарушылардың ең қайырлысысың», деді
وَقَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَوْمِهِ لَئِنِ اتَّبَعْتُمْ شُعَيْبًا إِنَّكُمْ إِذًا لَخَاسِرُونَ
Әрі оның елінің күпір келтірген қарсыкелген, имансыз уәзірлері мен бектері халқына! «Егер Шұғайыпқа ерсеңдер, міндетті түрде зиянға ұшыраушы боласыңдар», деді
فَأَخَذَتْهُمُ الرَّجْفَةُ فَأَصْبَحُوا فِي دَارِهِمْ جَاثِمِينَ
Сонда оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпетімен жатқан күйі қалды
الَّذِينَ كَذَّبُوا شُعَيْبًا كَأَنْ لَمْ يَغْنَوْا فِيهَا ۚ الَّذِينَ كَذَّبُوا شُعَيْبًا كَانُوا هُمُ الْخَاسِرِينَ
Шұғайыпты өтірікші деп санағандар, ол жерде тіптен тұрмағандай болды. Шұғайыпты өтірікші санағандар өздері зиянға ұшырады
فَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَا قَوْمِ لَقَدْ أَبْلَغْتُكُمْ رِسَالَاتِ رَبِّي وَنَصَحْتُ لَكُمْ ۖ فَكَيْفَ آسَىٰ عَلَىٰ قَوْمٍ كَافِرِينَ
Шұғайып олардан бетін бұрып: «Әй, елім! Ақиқатында, мен Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіздім әрі ізгі кеңес бердім. Енді кәпір адамдар үшін қалай қайғырамын?!» деді

Choose other languages: