Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #96 Translated in Kazakh

الَّذِينَ كَذَّبُوا شُعَيْبًا كَأَنْ لَمْ يَغْنَوْا فِيهَا ۚ الَّذِينَ كَذَّبُوا شُعَيْبًا كَانُوا هُمُ الْخَاسِرِينَ
Шұғайыпты өтірікші деп санағандар, ол жерде тіптен тұрмағандай болды. Шұғайыпты өтірікші санағандар өздері зиянға ұшырады
فَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَا قَوْمِ لَقَدْ أَبْلَغْتُكُمْ رِسَالَاتِ رَبِّي وَنَصَحْتُ لَكُمْ ۖ فَكَيْفَ آسَىٰ عَلَىٰ قَوْمٍ كَافِرِينَ
Шұғайып олардан бетін бұрып: «Әй, елім! Ақиқатында, мен Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіздім әрі ізгі кеңес бердім. Енді кәпір адамдар үшін қалай қайғырамын?!» деді
وَمَا أَرْسَلْنَا فِي قَرْيَةٍ مِنْ نَبِيٍّ إِلَّا أَخَذْنَا أَهْلَهَا بِالْبَأْسَاءِ وَالضَّرَّاءِ لَعَلَّهُمْ يَضَّرَّعُونَ
Қайсы бір елді мекенге Пайғамбар жібергенімізде, оның тұрғындарын бойсұнулары үшін таршылыққа және қиындыққа ұшыраттық
ثُمَّ بَدَّلْنَا مَكَانَ السَّيِّئَةِ الْحَسَنَةَ حَتَّىٰ عَفَوْا وَقَالُوا قَدْ مَسَّ آبَاءَنَا الضَّرَّاءُ وَالسَّرَّاءُ فَأَخَذْنَاهُمْ بَغْتَةً وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Кейін жамандықтың орнына жақсылық әкелдік. Тіпті асып-тасығандары сонша: «Қиындық пен қуаныш әкелерімізге де келген еді», деді. Сонда оларды өздері сезбеген хәлдерінде күтпеген жерден қолға алдық
وَلَوْ أَنَّ أَهْلَ الْقُرَىٰ آمَنُوا وَاتَّقَوْا لَفَتَحْنَا عَلَيْهِمْ بَرَكَاتٍ مِنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ وَلَٰكِنْ كَذَّبُوا فَأَخَذْنَاهُمْ بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Егер де ол мекендердің тұрғындары иманға келіп, тақуалық еткендерінде Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарында , онда Біз Оларға аспаннан да, жерден де берекелер ашып қоятын едік. Алайда олар өтірікке шығарғандықтан, істеп тапқандары күнәлары үшін оларды ұстадық

Choose other languages: