Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #78 Translated in Kazakh

وَاذْكُرُوا إِذْ جَعَلَكُمْ خُلَفَاءَ مِنْ بَعْدِ عَادٍ وَبَوَّأَكُمْ فِي الْأَرْضِ تَتَّخِذُونَ مِنْ سُهُولِهَا قُصُورًا وَتَنْحِتُونَ الْجِبَالَ بُيُوتًا ۖ فَاذْكُرُوا آلَاءَ اللَّهِ وَلَا تَعْثَوْا فِي الْأَرْضِ مُفْسِدِينَ
Оның сендерді Ад елінен кейін ха­лифа орнын басушылар еткенін және жерде орналастырып, оның жазықтарында сарайлар тұрғызып, ал тауларынан қашап үй жасағандарыңды естеріңе алыңдар. Аллаһтың игіліктерін еске алыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар», деді
قَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا مِنْ قَوْمِهِ لِلَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا لِمَنْ آمَنَ مِنْهُمْ أَتَعْلَمُونَ أَنَّ صَالِحًا مُرْسَلٌ مِنْ رَبِّهِ ۚ قَالُوا إِنَّا بِمَا أُرْسِلَ بِهِ مُؤْمِنُونَ
Оның қауымынан өздерін жоғары санап тәкәппарланған уәзірлері мен бектері әлсіз саналғандардың ішіндегі иманға келгендерге: «Сендер Салихты өзінің Раббысынан жіберілген деп білесіңдер ме?» деді. Олар: «Ақиқатында, біз онымен жіберілгенге сенеміз», деді
قَالَ الَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا إِنَّا بِالَّذِي آمَنْتُمْ بِهِ كَافِرُونَ
Өздерін жоғары санағандар: «Ал, біз сендер сенген нәрсеге сенбейміз», деді
فَعَقَرُوا النَّاقَةَ وَعَتَوْا عَنْ أَمْرِ رَبِّهِمْ وَقَالُوا يَا صَالِحُ ائْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الْمُرْسَلِينَ
Сөйтіп олар түйенің тірсегін қиып, өздерінің Раббысының әміріне бағынбай, шектен шықты. Кейін: «Ей, Салих! Егер елшілерден болсаң, бізге уәде етіп жүргеніңді азапты келтір!» деді
فَأَخَذَتْهُمُ الرَّجْفَةُ فَأَصْبَحُوا فِي دَارِهِمْ جَاثِمِينَ
Сонда, Оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпетімен жатқан күйі қалды

Choose other languages: