Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #57 Translated in Kazakh

هَلْ يَنْظُرُونَ إِلَّا تَأْوِيلَهُ ۚ يَوْمَ يَأْتِي تَأْوِيلُهُ يَقُولُ الَّذِينَ نَسُوهُ مِنْ قَبْلُ قَدْ جَاءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ فَهَلْ لَنَا مِنْ شُفَعَاءَ فَيَشْفَعُوا لَنَا أَوْ نُرَدُّ فَنَعْمَلَ غَيْرَ الَّذِي كُنَّا نَعْمَلُ ۚ قَدْ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Олар оның орындалуын ғана күте ме? Ол орындалған күні, оны бұрын ұмытқандар: «Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді. Біз үшін бір ара түсуші шапағат етуші бар ма екен, бізге ара түссе шапағат етсе! еді, не Дүниеге кері қайтарылсақ еді, сонда істеп өткенімізден басқа амал істейтін едік», дейді. Олар өздеріне зиян келтірді және ойдан шығарғандары олардан ұшты-күйлі жоқ болды
إِنَّ رَبَّكُمُ اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ يَطْلُبُهُ حَثِيثًا وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ وَالنُّجُومَ مُسَخَّرَاتٍ بِأَمْرِهِ ۗ أَلَا لَهُ الْخَلْقُ وَالْأَمْرُ ۗ تَبَارَكَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ
Ақиқатында, сендердің Раббың Аллаһ. Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға көтерілді. Ол түнмен, оны жылдам түрде өкшелеп қалмайтын күндізді жабады. Күн, ай және жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Біліңдер, жарату және Әмір ету Оның билігінде. Әлемдердің Раббысы Аллаһ аса Берекелі
ادْعُوا رَبَّكُمْ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ
Өздеріңнің Раббыңа бойсұна, берілген күйде, құпия түрде іштеріңнен тілетілеңдер. Ақиқатында, Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді
وَلَا تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَاحِهَا وَادْعُوهُ خَوْفًا وَطَمَعًا ۚ إِنَّ رَحْمَتَ اللَّهِ قَرِيبٌ مِنَ الْمُحْسِنِينَ
Әрі жер беті түзетілгеннен кейін, онда бұзу-бүлдірушілік істемеңдер. Одан Аллаһтан қорыққан күйде әрі үмітпенен тілеңдер. Негізінде, Аллаһтың мейірімі жақсылықты ықыласпен істеушілерге жақын
وَهُوَ الَّذِي يُرْسِلُ الرِّيَاحَ بُشْرًا بَيْنَ يَدَيْ رَحْمَتِهِ ۖ حَتَّىٰ إِذَا أَقَلَّتْ سَحَابًا ثِقَالًا سُقْنَاهُ لِبَلَدٍ مَيِّتٍ فَأَنْزَلْنَا بِهِ الْمَاءَ فَأَخْرَجْنَا بِهِ مِنْ كُلِّ الثَّمَرَاتِ ۚ كَذَٰلِكَ نُخْرِجُ الْمَوْتَىٰ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ
Әрі Ол мейірімінің жаңбырдың алдында желдерді қуанышты хабар етіп жібереді. Ал қашан, ол желдер ауыр бұлттарды көтерсе, оны өлі өлкеге айдап барып, оған су түсіреміз де осы арқылы жемістердің әрбір түрінен шығарамыз. Біз өлілерді де осылай шығарамыз. Бұл еске алуларың ғибраттануларың үшін

Choose other languages: