Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #56 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ جِئْنَاهُمْ بِكِتَابٍ فَصَّلْنَاهُ عَلَىٰ عِلْمٍ هُدًى وَرَحْمَةً لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Әрі Біз оларға иманға келген адамдар үшін тура жолға басшылық әрі мейірім ретінде Кітап келтіріп, оны біліммен анықтап түсіндірдік
هَلْ يَنْظُرُونَ إِلَّا تَأْوِيلَهُ ۚ يَوْمَ يَأْتِي تَأْوِيلُهُ يَقُولُ الَّذِينَ نَسُوهُ مِنْ قَبْلُ قَدْ جَاءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ فَهَلْ لَنَا مِنْ شُفَعَاءَ فَيَشْفَعُوا لَنَا أَوْ نُرَدُّ فَنَعْمَلَ غَيْرَ الَّذِي كُنَّا نَعْمَلُ ۚ قَدْ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Олар оның орындалуын ғана күте ме? Ол орындалған күні, оны бұрын ұмытқандар: «Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді. Біз үшін бір ара түсуші шапағат етуші бар ма екен, бізге ара түссе шапағат етсе! еді, не Дүниеге кері қайтарылсақ еді, сонда істеп өткенімізден басқа амал істейтін едік», дейді. Олар өздеріне зиян келтірді және ойдан шығарғандары олардан ұшты-күйлі жоқ болды
إِنَّ رَبَّكُمُ اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ يَطْلُبُهُ حَثِيثًا وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ وَالنُّجُومَ مُسَخَّرَاتٍ بِأَمْرِهِ ۗ أَلَا لَهُ الْخَلْقُ وَالْأَمْرُ ۗ تَبَارَكَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ
Ақиқатында, сендердің Раббың Аллаһ. Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға көтерілді. Ол түнмен, оны жылдам түрде өкшелеп қалмайтын күндізді жабады. Күн, ай және жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Біліңдер, жарату және Әмір ету Оның билігінде. Әлемдердің Раббысы Аллаһ аса Берекелі
ادْعُوا رَبَّكُمْ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ
Өздеріңнің Раббыңа бойсұна, берілген күйде, құпия түрде іштеріңнен тілетілеңдер. Ақиқатында, Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді
وَلَا تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَاحِهَا وَادْعُوهُ خَوْفًا وَطَمَعًا ۚ إِنَّ رَحْمَتَ اللَّهِ قَرِيبٌ مِنَ الْمُحْسِنِينَ
Әрі жер беті түзетілгеннен кейін, онда бұзу-бүлдірушілік істемеңдер. Одан Аллаһтан қорыққан күйде әрі үмітпенен тілеңдер. Негізінде, Аллаһтың мейірімі жақсылықты ықыласпен істеушілерге жақын

Choose other languages: