Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #43 Translated in Kazakh

وَقَارُونَ وَفِرْعَوْنَ وَهَامَانَ ۖ وَلَقَدْ جَاءَهُمْ مُوسَىٰ بِالْبَيِّنَاتِ فَاسْتَكْبَرُوا فِي الْأَرْضِ وَمَا كَانُوا سَابِقِينَ
Әрі Қарун, Фиръаун және Һаманды да. Мұса оларға анық дәлелдермен келген еді. Бірақ олар жерде елдерінде менменсіп, өздерін жоғары санады әрі жазадан озып кете алмады
فَكُلًّا أَخَذْنَا بِذَنْبِهِ ۖ فَمِنْهُمْ مَنْ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِ حَاصِبًا وَمِنْهُمْ مَنْ أَخَذَتْهُ الصَّيْحَةُ وَمِنْهُمْ مَنْ خَسَفْنَا بِهِ الْأَرْضَ وَمِنْهُمْ مَنْ أَغْرَقْنَا ۚ وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيَظْلِمَهُمْ وَلَٰكِنْ كَانُوا أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Әрқайсысын күнәларына сай ұстадық жазаладық . Олардың біріне Біз тасты құйын жібердік, бірін сайха алды, ал бірін жерге жұтқыздық және бірін суға батырдық. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздеріәділетсіздік жасады
مَثَلُ الَّذِينَ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِ اللَّهِ أَوْلِيَاءَ كَمَثَلِ الْعَنْكَبُوتِ اتَّخَذَتْ بَيْتًا ۖ وَإِنَّ أَوْهَنَ الْبُيُوتِ لَبَيْتُ الْعَنْكَبُوتِ ۖ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ
Аллаһтан өзге біреулерді қамқоршы етіп алғандардың мысалы өзіне тұратын жай жасап алған өрмекшінің мысалына ұқсайды. Шын мәнінде, үйлердің ең осалы өрмекшінің үйі. Егер де олар білетін болса
إِنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ مِنْ شَيْءٍ ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Ақиқатында, Аллаһ олардың Оның Өзінен басқа шақыратындарын табынатындарын біледі, олар ешнәрсе емес. Ал, Ол бәрінен Үстем, аса Дана
وَتِلْكَ الْأَمْثَالُ نَضْرِبُهَا لِلنَّاسِ ۖ وَمَا يَعْقِلُهَا إِلَّا الْعَالِمُونَ
Біз бұл мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ мұны білетіндер ғана ұғынады

Choose other languages: