Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #45 Translated in Kazakh

مَثَلُ الَّذِينَ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِ اللَّهِ أَوْلِيَاءَ كَمَثَلِ الْعَنْكَبُوتِ اتَّخَذَتْ بَيْتًا ۖ وَإِنَّ أَوْهَنَ الْبُيُوتِ لَبَيْتُ الْعَنْكَبُوتِ ۖ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ
Аллаһтан өзге біреулерді қамқоршы етіп алғандардың мысалы өзіне тұратын жай жасап алған өрмекшінің мысалына ұқсайды. Шын мәнінде, үйлердің ең осалы өрмекшінің үйі. Егер де олар білетін болса
إِنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ مِنْ شَيْءٍ ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Ақиқатында, Аллаһ олардың Оның Өзінен басқа шақыратындарын табынатындарын біледі, олар ешнәрсе емес. Ал, Ол бәрінен Үстем, аса Дана
وَتِلْكَ الْأَمْثَالُ نَضْرِبُهَا لِلنَّاسِ ۖ وَمَا يَعْقِلُهَا إِلَّا الْعَالِمُونَ
Біз бұл мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ мұны білетіндер ғана ұғынады
خَلَقَ اللَّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِلْمُؤْمِنِينَ
Аллаһ аспандар мен жерді ақиқатпен жаратты. Ақиқатында, Мұнда имандылар мүміндер үшін белгі-дәлелдер бар
اتْلُ مَا أُوحِيَ إِلَيْكَ مِنَ الْكِتَابِ وَأَقِمِ الصَّلَاةَ ۖ إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَىٰ عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنْكَرِ ۗ وَلَذِكْرُ اللَّهِ أَكْبَرُ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا تَصْنَعُونَ
Ей, Мұхаммед! Өзіңе Кітаптан уахи етілгенді оқы әрі намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орында. Анығында, намаз жеккөрінішті бұзық істерден және қайтарылған нәрселерден тыяды. Ал, Аллаһтың еске алуы өте үлкен, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды біледі

Choose other languages: