Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #32 Translated in Kazakh

وَلُوطًا إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ إِنَّكُمْ لَتَأْتُونَ الْفَاحِشَةَ مَا سَبَقَكُمْ بِهَا مِنْ أَحَدٍ مِنَ الْعَالَمِينَ
Әрі Лұтты да жібердік . Сонда ол еліне: «Негізінде, сендер әлемдердің ішінде өздеріңнен бұрын ешкім істемеген жиіркенішті нәрсені істеудесіңдер
أَئِنَّكُمْ لَتَأْتُونَ الرِّجَالَ وَتَقْطَعُونَ السَّبِيلَ وَتَأْتُونَ فِي نَادِيكُمُ الْمُنْكَرَ ۖ فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِ إِلَّا أَنْ قَالُوا ائْتِنَا بِعَذَابِ اللَّهِ إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Анығында, еркектерге келетін жақындасатын және жол кесетін жолаушыларды тонайтын әрі отырыстарыңда айыпталған іс жасайтындар сендер емессіңдер ме?» деді. Сонда оның елінің жауабы тек: «Егер шын сөзділерден болсаң, бізге Аллаһтың азабын келтір», деу ғана болды
قَالَ رَبِّ انْصُرْنِي عَلَى الْقَوْمِ الْمُفْسِدِينَ
Ол Лұт : «Раббым! Маған бүлдіруші бұзылған елге қарсы көмек бер», деді
وَلَمَّا جَاءَتْ رُسُلُنَا إِبْرَاهِيمَ بِالْبُشْرَىٰ قَالُوا إِنَّا مُهْلِكُو أَهْلِ هَٰذِهِ الْقَرْيَةِ ۖ إِنَّ أَهْلَهَا كَانُوا ظَالِمِينَ
Біздің елшілеріміз Ибраһимге қуанышты хабар әкелген кезде олар: «Шын мәнінде, біз мына кент тұрғындарын жоямыз. Ақиқатында, оның тұрғындары әділетсіздер», -деді
قَالَ إِنَّ فِيهَا لُوطًا ۚ قَالُوا نَحْنُ أَعْلَمُ بِمَنْ فِيهَا ۖ لَنُنَجِّيَنَّهُ وَأَهْلَهُ إِلَّا امْرَأَتَهُ كَانَتْ مِنَ الْغَابِرِينَ
Ол Ибраһим : «Онда Лұт бар ғой!» деді. Олар: «Ол жерде кімнің бар екенін жақсы білеміз. Біз оны және үй ішін міндетті түрде құтқарамыз, тек қалушылардан болған әйелінен басқа»,- деді

Choose other languages: