Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #31 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَخُونُوا اللَّهَ وَالرَّسُولَ وَتَخُونُوا أَمَانَاتِكُمْ وَأَنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Ей, иманға келгендер! Біле тұрып Аллаһқа және Елшіге опасыздық сатқындық жасамаңдар, сондай-ақ аманаттарыңа қиянат етпеңдер
وَاعْلَمُوا أَنَّمَا أَمْوَالُكُمْ وَأَوْلَادُكُمْ فِتْنَةٌ وَأَنَّ اللَّهَ عِنْدَهُ أَجْرٌ عَظِيمٌ
Біліңдер! Шын мәнінде, мал-дүниелерің және балаларың бір сынақ. Ал Аллаһта ұлы сый бар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تَتَّقُوا اللَّهَ يَجْعَلْ لَكُمْ فُرْقَانًا وَيُكَفِّرْ عَنْكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ۗ وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ
Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар , Ол сендерге фурқанды береді, жамандықтарыңды өшіреді әрі сендерге кешірім етеді. Аллаһ ұлы кеңшілік Иесі
وَإِذْ يَمْكُرُ بِكَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِيُثْبِتُوكَ أَوْ يَقْتُلُوكَ أَوْ يُخْرِجُوكَ ۚ وَيَمْكُرُونَ وَيَمْكُرُ اللَّهُ ۖ وَاللَّهُ خَيْرُ الْمَاكِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Кезінде күпірлік еткендер Аллаһқа серік қосушылар сені ұстау не өлтіру немесе Меккеден шығарып жіберу үшін айла-шарғы жасады. Олар айла-шарғы жасады, сонда Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Ал, Аллаһ амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا قَالُوا قَدْ سَمِعْنَا لَوْ نَشَاءُ لَقُلْنَا مِثْلَ هَٰذَا ۙ إِنْ هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
Оларға аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Естідік, егер қаласақ, осы тәріздіні біз де айта алар едік. Бұл бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана», деді

Choose other languages: