Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #30 Translated in Kazakh

وَاذْكُرُوا إِذْ أَنْتُمْ قَلِيلٌ مُسْتَضْعَفُونَ فِي الْأَرْضِ تَخَافُونَ أَنْ يَتَخَطَّفَكُمُ النَّاسُ فَآوَاكُمْ وَأَيَّدَكُمْ بِنَصْرِهِ وَرَزَقَكُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Сендер жер бетінде аз әрі әлсіз бо­лып, адамдардың сендерді басып алуынан қорқып тұрған кездеріңде, Оның сендерге пана бергенін, Өз жәрдемімен қолдағанын және шүкір етулерің берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін жақсы нәрселерден ризықтандырғанын естеріңе алыңдар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَخُونُوا اللَّهَ وَالرَّسُولَ وَتَخُونُوا أَمَانَاتِكُمْ وَأَنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Ей, иманға келгендер! Біле тұрып Аллаһқа және Елшіге опасыздық сатқындық жасамаңдар, сондай-ақ аманаттарыңа қиянат етпеңдер
وَاعْلَمُوا أَنَّمَا أَمْوَالُكُمْ وَأَوْلَادُكُمْ فِتْنَةٌ وَأَنَّ اللَّهَ عِنْدَهُ أَجْرٌ عَظِيمٌ
Біліңдер! Шын мәнінде, мал-дүниелерің және балаларың бір сынақ. Ал Аллаһта ұлы сый бар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تَتَّقُوا اللَّهَ يَجْعَلْ لَكُمْ فُرْقَانًا وَيُكَفِّرْ عَنْكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ۗ وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ
Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар , Ол сендерге фурқанды береді, жамандықтарыңды өшіреді әрі сендерге кешірім етеді. Аллаһ ұлы кеңшілік Иесі
وَإِذْ يَمْكُرُ بِكَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِيُثْبِتُوكَ أَوْ يَقْتُلُوكَ أَوْ يُخْرِجُوكَ ۚ وَيَمْكُرُونَ وَيَمْكُرُ اللَّهُ ۖ وَاللَّهُ خَيْرُ الْمَاكِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Кезінде күпірлік еткендер Аллаһқа серік қосушылар сені ұстау не өлтіру немесе Меккеден шығарып жіберу үшін айла-шарғы жасады. Олар айла-шарғы жасады, сонда Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Ал, Аллаһ амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы

Choose other languages: