Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #33 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تَتَّقُوا اللَّهَ يَجْعَلْ لَكُمْ فُرْقَانًا وَيُكَفِّرْ عَنْكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ۗ وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ
Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар , Ол сендерге фурқанды береді, жамандықтарыңды өшіреді әрі сендерге кешірім етеді. Аллаһ ұлы кеңшілік Иесі
وَإِذْ يَمْكُرُ بِكَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِيُثْبِتُوكَ أَوْ يَقْتُلُوكَ أَوْ يُخْرِجُوكَ ۚ وَيَمْكُرُونَ وَيَمْكُرُ اللَّهُ ۖ وَاللَّهُ خَيْرُ الْمَاكِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Кезінде күпірлік еткендер Аллаһқа серік қосушылар сені ұстау не өлтіру немесе Меккеден шығарып жіберу үшін айла-шарғы жасады. Олар айла-шарғы жасады, сонда Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Ал, Аллаһ амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا قَالُوا قَدْ سَمِعْنَا لَوْ نَشَاءُ لَقُلْنَا مِثْلَ هَٰذَا ۙ إِنْ هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
Оларға аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Естідік, егер қаласақ, осы тәріздіні біз де айта алар едік. Бұл бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана», деді
وَإِذْ قَالُوا اللَّهُمَّ إِنْ كَانَ هَٰذَا هُوَ الْحَقَّ مِنْ عِنْدِكَ فَأَمْطِرْ عَلَيْنَا حِجَارَةً مِنَ السَّمَاءِ أَوِ ائْتِنَا بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Сол кезде олар: «Ей, Аллаһ! Егер бұл Құран Сенің қасыңнан түскен шындық болса, онда үстімізге аспаннан тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап келтір», деді
وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنْتَ فِيهِمْ ۚ وَمَا كَانَ اللَّهُ مُعَذِّبَهُمْ وَهُمْ يَسْتَغْفِرُونَ
Ей, Мұхаммед! Сен олардың арасында тұрған кезде, Аллаһ оларды азаптамайды. Әрі Аллаһ кешірім тілеп тұрған кездерінде де оларды азаптаушы емес

Choose other languages: