Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #34 Translated in Kazakh

وَإِذْ يَمْكُرُ بِكَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِيُثْبِتُوكَ أَوْ يَقْتُلُوكَ أَوْ يُخْرِجُوكَ ۚ وَيَمْكُرُونَ وَيَمْكُرُ اللَّهُ ۖ وَاللَّهُ خَيْرُ الْمَاكِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Кезінде күпірлік еткендер Аллаһқа серік қосушылар сені ұстау не өлтіру немесе Меккеден шығарып жіберу үшін айла-шарғы жасады. Олар айла-шарғы жасады, сонда Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Ал, Аллаһ амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا قَالُوا قَدْ سَمِعْنَا لَوْ نَشَاءُ لَقُلْنَا مِثْلَ هَٰذَا ۙ إِنْ هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
Оларға аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Естідік, егер қаласақ, осы тәріздіні біз де айта алар едік. Бұл бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана», деді
وَإِذْ قَالُوا اللَّهُمَّ إِنْ كَانَ هَٰذَا هُوَ الْحَقَّ مِنْ عِنْدِكَ فَأَمْطِرْ عَلَيْنَا حِجَارَةً مِنَ السَّمَاءِ أَوِ ائْتِنَا بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Сол кезде олар: «Ей, Аллаһ! Егер бұл Құран Сенің қасыңнан түскен шындық болса, онда үстімізге аспаннан тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап келтір», деді
وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنْتَ فِيهِمْ ۚ وَمَا كَانَ اللَّهُ مُعَذِّبَهُمْ وَهُمْ يَسْتَغْفِرُونَ
Ей, Мұхаммед! Сен олардың арасында тұрған кезде, Аллаһ оларды азаптамайды. Әрі Аллаһ кешірім тілеп тұрған кездерінде де оларды азаптаушы емес
وَمَا لَهُمْ أَلَّا يُعَذِّبَهُمُ اللَّهُ وَهُمْ يَصُدُّونَ عَنِ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ وَمَا كَانُوا أَوْلِيَاءَهُ ۚ إِنْ أَوْلِيَاؤُهُ إِلَّا الْمُتَّقُونَ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Аллаһ оларды неге азаптамасын, олар әл-Харам мешітінен оған жақын құлшылық етуге лайықты болмай тұрып, одан тосып тұрса. Анығында, оған әл- Харамға жақын лайықтылар тақуалар Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар ғана. Алайда, олардың көбі білмейді

Choose other languages: