Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #85 Translated in Kazakh

وَكَيْفَ أَخَافُ مَا أَشْرَكْتُمْ وَلَا تَخَافُونَ أَنَّكُمْ أَشْرَكْتُمْ بِاللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِ عَلَيْكُمْ سُلْطَانًا ۚ فَأَيُّ الْفَرِيقَيْنِ أَحَقُّ بِالْأَمْنِ ۖ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Сендер, Аллаһ ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені, Оған серік етіп қосуға қорықпағанда, мен сендердің серік етіп қосқан нәрселеріңнен қалайша қорық-пақпын?» деді. Егер білетін болсаңдар, екі топтың қайсысы амандыққа өзін қауіпсіз сезінуге лайықты
الَّذِينَ آمَنُوا وَلَمْ يَلْبِسُوا إِيمَانَهُمْ بِظُلْمٍ أُولَٰئِكَ لَهُمُ الْأَمْنُ وَهُمْ مُهْتَدُونَ
Иманға келген және имандарына әділетсіздікті серік қосуды араластырмағандар міне соларға амандық бар әрі олар тура жолдағылар
وَتِلْكَ حُجَّتُنَا آتَيْنَاهَا إِبْرَاهِيمَ عَلَىٰ قَوْمِهِ ۚ نَرْفَعُ دَرَجَاتٍ مَنْ نَشَاءُ ۗ إِنَّ رَبَّكَ حَكِيمٌ عَلِيمٌ
Бұл Біздің Ибраһимге берген, оның қауымынақарсы дәлеліміз. Біз қалағанымызды дәрежелерде көтереміз. Ақиқатында, сенің Раббың аса Дана , бәрін Білуші
وَوَهَبْنَا لَهُ إِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ ۚ كُلًّا هَدَيْنَا ۚ وَنُوحًا هَدَيْنَا مِنْ قَبْلُ ۖ وَمِنْ ذُرِّيَّتِهِ دَاوُودَ وَسُلَيْمَانَ وَأَيُّوبَ وَيُوسُفَ وَمُوسَىٰ وَهَارُونَ ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ
Әрі Біз оған Исқақ пен Йаъқубты сыйладық және олардың барлығын тура жолмен жүргіздік. Сондай-ақ, бұрын Нұхты да тура жолмен жүргізгенбіз. Әрі оның ұрпақтарынан Дәуітті, Сүлейменді, Айубты, Иусуфты, Мұса және Һарұнды да. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз
وَزَكَرِيَّا وَيَحْيَىٰ وَعِيسَىٰ وَإِلْيَاسَ ۖ كُلٌّ مِنَ الصَّالِحِينَ
Әрі Зәкәрияны, Яхияны, Исаны, Илиясты да тура жолмен жүргіздік .Олардың бәрі де ізгілерден еді

Choose other languages: