Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #88 Translated in Kazakh

وَوَهَبْنَا لَهُ إِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ ۚ كُلًّا هَدَيْنَا ۚ وَنُوحًا هَدَيْنَا مِنْ قَبْلُ ۖ وَمِنْ ذُرِّيَّتِهِ دَاوُودَ وَسُلَيْمَانَ وَأَيُّوبَ وَيُوسُفَ وَمُوسَىٰ وَهَارُونَ ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ
Әрі Біз оған Исқақ пен Йаъқубты сыйладық және олардың барлығын тура жолмен жүргіздік. Сондай-ақ, бұрын Нұхты да тура жолмен жүргізгенбіз. Әрі оның ұрпақтарынан Дәуітті, Сүлейменді, Айубты, Иусуфты, Мұса және Һарұнды да. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз
وَزَكَرِيَّا وَيَحْيَىٰ وَعِيسَىٰ وَإِلْيَاسَ ۖ كُلٌّ مِنَ الصَّالِحِينَ
Әрі Зәкәрияны, Яхияны, Исаны, Илиясты да тура жолмен жүргіздік .Олардың бәрі де ізгілерден еді
وَإِسْمَاعِيلَ وَالْيَسَعَ وَيُونُسَ وَلُوطًا ۚ وَكُلًّا فَضَّلْنَا عَلَى الْعَالَمِينَ
Әрі Исмаъилды, Әлясағты, Юнусты және Лұтты да тура жолмен жүргіздік .Әрбірін әлемдерде артық еттік
وَمِنْ آبَائِهِمْ وَذُرِّيَّاتِهِمْ وَإِخْوَانِهِمْ ۖ وَاجْتَبَيْنَاهُمْ وَهَدَيْنَاهُمْ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Сондай-ақ олардың әкелерінен, ұрпақтарынан және бауырларынан да таңдап алдық және тура жолға салып, жүргіздік
ذَٰلِكَ هُدَى اللَّهِ يَهْدِي بِهِ مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ ۚ وَلَوْ أَشْرَكُوا لَحَبِطَ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Аллаһтың тура жолы осы. Ол онымен қалаған құлдарын жүргізеді. Егер олар пайғамбарлар Оған серік қосқанда, істеген амалдары зая кетер еді

Choose other languages: