Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #79 Translated in Kazakh

وَكَذَٰلِكَ نُرِي إِبْرَاهِيمَ مَلَكُوتَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَلِيَكُونَ مِنَ الْمُوقِنِينَ
Әрі айқын сенушілерден болуы үшін біз осылай Ибраһимге аспандардың және жердің билігін көрсеттік
فَلَمَّا جَنَّ عَلَيْهِ اللَّيْلُ رَأَىٰ كَوْكَبًا ۖ قَالَ هَٰذَا رَبِّي ۖ فَلَمَّا أَفَلَ قَالَ لَا أُحِبُّ الْآفِلِينَ
Түн қараңғылығы оны жапқан кезде, ол бір аспан денесін ғаламшарды көріп: «Міне, осы менің Раббым», деді. Ол батқан кезде: «Батушыларды жақсы көрмеймін», деді
فَلَمَّا رَأَى الْقَمَرَ بَازِغًا قَالَ هَٰذَا رَبِّي ۖ فَلَمَّا أَفَلَ قَالَ لَئِنْ لَمْ يَهْدِنِي رَبِّي لَأَكُونَنَّ مِنَ الْقَوْمِ الضَّالِّينَ
Шығып келе жатқан айды көрген кез­де: «Осы менің Раббым», деді. Ол батқан кезде: «Егер Раббым мені тура жолмен жүргізбесе, мен де адасқан адамдардан болар едім»,-деді
فَلَمَّا رَأَى الشَّمْسَ بَازِغَةً قَالَ هَٰذَا رَبِّي هَٰذَا أَكْبَرُ ۖ فَلَمَّا أَفَلَتْ قَالَ يَا قَوْمِ إِنِّي بَرِيءٌ مِمَّا تُشْرِكُونَ
Шығып келе жатқан күнді көрген кезде: «Осы менің Раббым, ол үлкенірек»,- деді. Ол батқан кезде: «Әй, елім! Сендердің Аллаһқа серік етіп қосқандарыңа менің қатысым жоқ
إِنِّي وَجَّهْتُ وَجْهِيَ لِلَّذِي فَطَرَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ حَنِيفًا ۖ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ақиқатында, мен аспандарды және жерді жасап шығарғанға, ханиф күйімде жүзімді бұрдым әрі мен мүшріктерден Аллаһқа серік қосушылардан емеспін», деді

Choose other languages: