Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #78 Translated in Kazakh

وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لِأَبِيهِ آزَرَ أَتَتَّخِذُ أَصْنَامًا آلِهَةً ۖ إِنِّي أَرَاكَ وَقَوْمَكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Әрі кезінде Ибраһим әкесі Азарға: «Пұттарды қолдан жасалған мүсіндерді құдайлар етіп аласың ба? Ақиқатында, мен сені және еліңді анық адасуда көремін», деді
وَكَذَٰلِكَ نُرِي إِبْرَاهِيمَ مَلَكُوتَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَلِيَكُونَ مِنَ الْمُوقِنِينَ
Әрі айқын сенушілерден болуы үшін біз осылай Ибраһимге аспандардың және жердің билігін көрсеттік
فَلَمَّا جَنَّ عَلَيْهِ اللَّيْلُ رَأَىٰ كَوْكَبًا ۖ قَالَ هَٰذَا رَبِّي ۖ فَلَمَّا أَفَلَ قَالَ لَا أُحِبُّ الْآفِلِينَ
Түн қараңғылығы оны жапқан кезде, ол бір аспан денесін ғаламшарды көріп: «Міне, осы менің Раббым», деді. Ол батқан кезде: «Батушыларды жақсы көрмеймін», деді
فَلَمَّا رَأَى الْقَمَرَ بَازِغًا قَالَ هَٰذَا رَبِّي ۖ فَلَمَّا أَفَلَ قَالَ لَئِنْ لَمْ يَهْدِنِي رَبِّي لَأَكُونَنَّ مِنَ الْقَوْمِ الضَّالِّينَ
Шығып келе жатқан айды көрген кез­де: «Осы менің Раббым», деді. Ол батқан кезде: «Егер Раббым мені тура жолмен жүргізбесе, мен де адасқан адамдардан болар едім»,-деді
فَلَمَّا رَأَى الشَّمْسَ بَازِغَةً قَالَ هَٰذَا رَبِّي هَٰذَا أَكْبَرُ ۖ فَلَمَّا أَفَلَتْ قَالَ يَا قَوْمِ إِنِّي بَرِيءٌ مِمَّا تُشْرِكُونَ
Шығып келе жатқан күнді көрген кезде: «Осы менің Раббым, ол үлкенірек»,- деді. Ол батқан кезде: «Әй, елім! Сендердің Аллаһқа серік етіп қосқандарыңа менің қатысым жоқ

Choose other languages: