Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #76 Translated in Kazakh

وَأَنْ أَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَاتَّقُوهُ ۚ وَهُوَ الَّذِي إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
және намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындауға әрі Одан қорқып, сақтануға», деп. Әрі сендер Оның құзырында жиналасыңдар
وَهُوَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ ۖ وَيَوْمَ يَقُولُ كُنْ فَيَكُونُ ۚ قَوْلُهُ الْحَقُّ ۚ وَلَهُ الْمُلْكُ يَوْمَ يُنْفَخُ فِي الصُّورِ ۚ عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ ۚ وَهُوَ الْحَكِيمُ الْخَبِيرُ
Әрі ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты. Ол: «Бол», деген күні болады. Оның сөзі ақиқат. Сүр үрілетін қиямет Күні билік тек Онікі. Ол құпия мен айқын нәрсені Білуші әрі Ол -аса Дана, бәрінен Хабардар
وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لِأَبِيهِ آزَرَ أَتَتَّخِذُ أَصْنَامًا آلِهَةً ۖ إِنِّي أَرَاكَ وَقَوْمَكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Әрі кезінде Ибраһим әкесі Азарға: «Пұттарды қолдан жасалған мүсіндерді құдайлар етіп аласың ба? Ақиқатында, мен сені және еліңді анық адасуда көремін», деді
وَكَذَٰلِكَ نُرِي إِبْرَاهِيمَ مَلَكُوتَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَلِيَكُونَ مِنَ الْمُوقِنِينَ
Әрі айқын сенушілерден болуы үшін біз осылай Ибраһимге аспандардың және жердің билігін көрсеттік
فَلَمَّا جَنَّ عَلَيْهِ اللَّيْلُ رَأَىٰ كَوْكَبًا ۖ قَالَ هَٰذَا رَبِّي ۖ فَلَمَّا أَفَلَ قَالَ لَا أُحِبُّ الْآفِلِينَ
Түн қараңғылығы оны жапқан кезде, ол бір аспан денесін ғаламшарды көріп: «Міне, осы менің Раббым», деді. Ол батқан кезде: «Батушыларды жақсы көрмеймін», деді

Choose other languages: