Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #75 Translated in Kazakh

قُلْ أَنَدْعُو مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَنْفَعُنَا وَلَا يَضُرُّنَا وَنُرَدُّ عَلَىٰ أَعْقَابِنَا بَعْدَ إِذْ هَدَانَا اللَّهُ كَالَّذِي اسْتَهْوَتْهُ الشَّيَاطِينُ فِي الْأَرْضِ حَيْرَانَ لَهُ أَصْحَابٌ يَدْعُونَهُ إِلَى الْهُدَى ائْتِنَا ۗ قُلْ إِنَّ هُدَى اللَّهِ هُوَ الْهُدَىٰ ۖ وَأُمِرْنَا لِنُسْلِمَ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ
Ей, Мұхаммед Айт: «Аллаһтан басқа бізге не пайда, не зиян келтіре алмайтын бір нәрседен тілейміз бе? Әрі Аллаһ бізді тура жолға түсіргеннен кейін, жолдастары: «Біз жаққа кел», деп, тура жолға шақырып тұрса да, жер бетінде шайтандар азғырып, дал болған өзін жоғалтқан біреу секілді, артымызға қайтарыламыз ба?» деп. Айт: «Аллаһтың жолы анық тура жол. Біз әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдық
وَأَنْ أَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَاتَّقُوهُ ۚ وَهُوَ الَّذِي إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
және намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындауға әрі Одан қорқып, сақтануға», деп. Әрі сендер Оның құзырында жиналасыңдар
وَهُوَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ ۖ وَيَوْمَ يَقُولُ كُنْ فَيَكُونُ ۚ قَوْلُهُ الْحَقُّ ۚ وَلَهُ الْمُلْكُ يَوْمَ يُنْفَخُ فِي الصُّورِ ۚ عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ ۚ وَهُوَ الْحَكِيمُ الْخَبِيرُ
Әрі ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты. Ол: «Бол», деген күні болады. Оның сөзі ақиқат. Сүр үрілетін қиямет Күні билік тек Онікі. Ол құпия мен айқын нәрсені Білуші әрі Ол -аса Дана, бәрінен Хабардар
وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لِأَبِيهِ آزَرَ أَتَتَّخِذُ أَصْنَامًا آلِهَةً ۖ إِنِّي أَرَاكَ وَقَوْمَكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Әрі кезінде Ибраһим әкесі Азарға: «Пұттарды қолдан жасалған мүсіндерді құдайлар етіп аласың ба? Ақиқатында, мен сені және еліңді анық адасуда көремін», деді
وَكَذَٰلِكَ نُرِي إِبْرَاهِيمَ مَلَكُوتَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَلِيَكُونَ مِنَ الْمُوقِنِينَ
Әрі айқын сенушілерден болуы үшін біз осылай Ибраһимге аспандардың және жердің билігін көрсеттік

Choose other languages: