Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #60 Translated in Kazakh

قُلْ إِنِّي نُهِيتُ أَنْ أَعْبُدَ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ ۚ قُلْ لَا أَتَّبِعُ أَهْوَاءَكُمْ ۙ قَدْ ضَلَلْتُ إِذًا وَمَا أَنَا مِنَ الْمُهْتَدِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Анығында, маған сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңе құлшылық етуге тыйым салынды», деп. «Сендердің көңілқұмарлықтарыңа ермеймін. Олай істесем, адасқан және тура жолда жүрмегендерден боламын», деп
قُلْ إِنِّي عَلَىٰ بَيِّنَةٍ مِنْ رَبِّي وَكَذَّبْتُمْ بِهِ ۚ مَا عِنْدِي مَا تَسْتَعْجِلُونَ بِهِ ۚ إِنِ الْحُكْمُ إِلَّا لِلَّهِ ۖ يَقُصُّ الْحَقَّ ۖ وَهُوَ خَيْرُ الْفَاصِلِينَ
Айт: «Ақиқатында, мен Раббымнан берілген анық дәлел үстіндемін. Ал сендер оны өтірікке шығардыңдар. Сендер тез болуын сұрап отырған нәрсе жаза менің қолымда емес. Үкім беру тек Аллаһта. Ол ақиқатты айтады әрі Ол үкім беріп айырушылардың ең қайырлысы», деп
قُلْ لَوْ أَنَّ عِنْدِي مَا تَسْتَعْجِلُونَ بِهِ لَقُضِيَ الْأَمْرُ بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ ۗ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِالظَّالِمِينَ
Айт: «Егер де сендер тез болуын сұрап отырған нәрсе жаза менің қолымда болғанда, менімен сендердің арамыздағы мәселе біткен болар еді», деп. Аллаһ әділетсіздерді жақсы Білуші
وَعِنْدَهُ مَفَاتِحُ الْغَيْبِ لَا يَعْلَمُهَا إِلَّا هُوَ ۚ وَيَعْلَمُ مَا فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ ۚ وَمَا تَسْقُطُ مِنْ وَرَقَةٍ إِلَّا يَعْلَمُهَا وَلَا حَبَّةٍ فِي ظُلُمَاتِ الْأَرْضِ وَلَا رَطْبٍ وَلَا يَابِسٍ إِلَّا فِي كِتَابٍ مُبِينٍ
Ғайыптың кілттері Ода Аллаһта , оны тек Ол ғана біледі басқа ешкім білмейді . Ол құрлықтағыны да, теңіздегіні де біледі. Оның білуінсіз бірде-бір жапырақ түспейді. Жердің қараңғылықтарындағы бір дән болсын, сұлы немесе құрғақ нәрсе болсын, барлығы да анық Кітапта жазулы
وَهُوَ الَّذِي يَتَوَفَّاكُمْ بِاللَّيْلِ وَيَعْلَمُ مَا جَرَحْتُمْ بِالنَّهَارِ ثُمَّ يَبْعَثُكُمْ فِيهِ لِيُقْضَىٰ أَجَلٌ مُسَمًّى ۖ ثُمَّ إِلَيْهِ مَرْجِعُكُمْ ثُمَّ يُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Ол Аллаһ түнде сендердің жандарыңды алады және күндіз не істегендеріңді біледі. Ол сендерді белгіленген мерзім өмір аяқталуы үшін, онда күндіз қайта тірілтеді. Кейін Оған қайтасыңдар. Содан кейін, Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді

Choose other languages: