Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #62 Translated in Kazakh

قُلْ لَوْ أَنَّ عِنْدِي مَا تَسْتَعْجِلُونَ بِهِ لَقُضِيَ الْأَمْرُ بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ ۗ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِالظَّالِمِينَ
Айт: «Егер де сендер тез болуын сұрап отырған нәрсе жаза менің қолымда болғанда, менімен сендердің арамыздағы мәселе біткен болар еді», деп. Аллаһ әділетсіздерді жақсы Білуші
وَعِنْدَهُ مَفَاتِحُ الْغَيْبِ لَا يَعْلَمُهَا إِلَّا هُوَ ۚ وَيَعْلَمُ مَا فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ ۚ وَمَا تَسْقُطُ مِنْ وَرَقَةٍ إِلَّا يَعْلَمُهَا وَلَا حَبَّةٍ فِي ظُلُمَاتِ الْأَرْضِ وَلَا رَطْبٍ وَلَا يَابِسٍ إِلَّا فِي كِتَابٍ مُبِينٍ
Ғайыптың кілттері Ода Аллаһта , оны тек Ол ғана біледі басқа ешкім білмейді . Ол құрлықтағыны да, теңіздегіні де біледі. Оның білуінсіз бірде-бір жапырақ түспейді. Жердің қараңғылықтарындағы бір дән болсын, сұлы немесе құрғақ нәрсе болсын, барлығы да анық Кітапта жазулы
وَهُوَ الَّذِي يَتَوَفَّاكُمْ بِاللَّيْلِ وَيَعْلَمُ مَا جَرَحْتُمْ بِالنَّهَارِ ثُمَّ يَبْعَثُكُمْ فِيهِ لِيُقْضَىٰ أَجَلٌ مُسَمًّى ۖ ثُمَّ إِلَيْهِ مَرْجِعُكُمْ ثُمَّ يُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Ол Аллаһ түнде сендердің жандарыңды алады және күндіз не істегендеріңді біледі. Ол сендерді белгіленген мерзім өмір аяқталуы үшін, онда күндіз қайта тірілтеді. Кейін Оған қайтасыңдар. Содан кейін, Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді
وَهُوَ الْقَاهِرُ فَوْقَ عِبَادِهِ ۖ وَيُرْسِلُ عَلَيْكُمْ حَفَظَةً حَتَّىٰ إِذَا جَاءَ أَحَدَكُمُ الْمَوْتُ تَوَفَّتْهُ رُسُلُنَا وَهُمْ لَا يُفَرِّطُونَ
Ол әл-Қаһир құлдарының үстінен үстемдік етуші әрі Ол сендерге сақтаушыларды амалдарды жазып сақтаушы періштелерді жібереді. Қашан біреуіңе өлім келген кезде, елшілеріміз жан алушы періштелер оның жанын еш кемшілік жібермей алады
ثُمَّ رُدُّوا إِلَى اللَّهِ مَوْلَاهُمُ الْحَقِّ ۚ أَلَا لَهُ الْحُكْمُ وَهُوَ أَسْرَعُ الْحَاسِبِينَ
Содан кейін олар, өздерінің шын Иелері Аллаһқа қайтарылады. Біліңдер, үкім ету Оның ғана билігінде. Ол есеп алушылардың ең жылдамы

Choose other languages: