Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #65 Translated in Kazakh

وَهُوَ الْقَاهِرُ فَوْقَ عِبَادِهِ ۖ وَيُرْسِلُ عَلَيْكُمْ حَفَظَةً حَتَّىٰ إِذَا جَاءَ أَحَدَكُمُ الْمَوْتُ تَوَفَّتْهُ رُسُلُنَا وَهُمْ لَا يُفَرِّطُونَ
Ол әл-Қаһир құлдарының үстінен үстемдік етуші әрі Ол сендерге сақтаушыларды амалдарды жазып сақтаушы періштелерді жібереді. Қашан біреуіңе өлім келген кезде, елшілеріміз жан алушы періштелер оның жанын еш кемшілік жібермей алады
ثُمَّ رُدُّوا إِلَى اللَّهِ مَوْلَاهُمُ الْحَقِّ ۚ أَلَا لَهُ الْحُكْمُ وَهُوَ أَسْرَعُ الْحَاسِبِينَ
Содан кейін олар, өздерінің шын Иелері Аллаһқа қайтарылады. Біліңдер, үкім ету Оның ғана билігінде. Ол есеп алушылардың ең жылдамы
قُلْ مَنْ يُنَجِّيكُمْ مِنْ ظُلُمَاتِ الْبَرِّ وَالْبَحْرِ تَدْعُونَهُ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً لَئِنْ أَنْجَانَا مِنْ هَٰذِهِ لَنَكُونَنَّ مِنَ الشَّاكِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендер Оған жалбарына әрі құпия түрде: «Ол бізді осыдан апаттан құтқарса, әлбетте біз шүкір етушілерден Оның берген игіліктеріне алғысбілдірушілерден боламыз», деп көмекке шақырған кездеріңде, сендерді құрлық және теңіз қараңғылықтарынан кім құтқарады?» деп
قُلِ اللَّهُ يُنَجِّيكُمْ مِنْهَا وَمِنْ كُلِّ كَرْبٍ ثُمَّ أَنْتُمْ تُشْرِكُونَ
Айт: «Сендерді бұдан және әрбір қайғыдан Аллаһ қана құтқарады. Сонда да сендер Оған әр нәрсені серік етіп қосасыңдар!» деп
قُلْ هُوَ الْقَادِرُ عَلَىٰ أَنْ يَبْعَثَ عَلَيْكُمْ عَذَابًا مِنْ فَوْقِكُمْ أَوْ مِنْ تَحْتِ أَرْجُلِكُمْ أَوْ يَلْبِسَكُمْ شِيَعًا وَيُذِيقَ بَعْضَكُمْ بَأْسَ بَعْضٍ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُصَرِّفُ الْآيَاتِ لَعَلَّهُمْ يَفْقَهُونَ
Айт: «Ол, сендерге төбелеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге не сендерді гүрлі топтарға бөліп, шиеленістіруге және кейбіреулеріне өзгелеріңнің қатыгездігін таттыруға күші жетеді», деп. Олардың ұғулары үшін аяттарымызды қалай түсіндіретінімізге назар сал

Choose other languages: