Surah Al-Anaam Ayahs #68 Translated in Kazakh
قُلِ اللَّهُ يُنَجِّيكُمْ مِنْهَا وَمِنْ كُلِّ كَرْبٍ ثُمَّ أَنْتُمْ تُشْرِكُونَ
Айт: «Сендерді бұдан және әрбір қайғыдан Аллаһ қана құтқарады. Сонда да сендер Оған әр нәрсені серік етіп қосасыңдар!» деп
قُلْ هُوَ الْقَادِرُ عَلَىٰ أَنْ يَبْعَثَ عَلَيْكُمْ عَذَابًا مِنْ فَوْقِكُمْ أَوْ مِنْ تَحْتِ أَرْجُلِكُمْ أَوْ يَلْبِسَكُمْ شِيَعًا وَيُذِيقَ بَعْضَكُمْ بَأْسَ بَعْضٍ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُصَرِّفُ الْآيَاتِ لَعَلَّهُمْ يَفْقَهُونَ
Айт: «Ол, сендерге төбелеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге не сендерді гүрлі топтарға бөліп, шиеленістіруге және кейбіреулеріне өзгелеріңнің қатыгездігін таттыруға күші жетеді», деп. Олардың ұғулары үшін аяттарымызды қалай түсіндіретінімізге назар сал
وَكَذَّبَ بِهِ قَوْمُكَ وَهُوَ الْحَقُّ ۚ قُلْ لَسْتُ عَلَيْكُمْ بِوَكِيلٍ
Қауымың оны Құранды , ол ақиқат болса да, өтірікке шығарды. Айт: «Мен сендерге жауапты емеспін
لِكُلِّ نَبَإٍ مُسْتَقَرٌّ ۚ وَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
Әрбір хабардың өз уақыты бар. Жақында білесіңдер», деп
وَإِذَا رَأَيْتَ الَّذِينَ يَخُوضُونَ فِي آيَاتِنَا فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ حَتَّىٰ يَخُوضُوا فِي حَدِيثٍ غَيْرِهِ ۚ وَإِمَّا يُنْسِيَنَّكَ الشَّيْطَانُ فَلَا تَقْعُدْ بَعْدَ الذِّكْرَىٰ مَعَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Ей, Мұхаммед! Қашан олардың Біздің аяттарымызға байланысты бос сөзге кіріскенін көрген кезде, олар басқа әңгімеге ауысқандарына дейін олардан теріс бұрыл. Егер шайтан саған ұмыттырса, есіңе түскеннен кейін, әділетсіз адамдармен бірге отырма
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
