Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #71 Translated in Kazakh

لِكُلِّ نَبَإٍ مُسْتَقَرٌّ ۚ وَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
Әрбір хабардың өз уақыты бар. Жақында білесіңдер», деп
وَإِذَا رَأَيْتَ الَّذِينَ يَخُوضُونَ فِي آيَاتِنَا فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ حَتَّىٰ يَخُوضُوا فِي حَدِيثٍ غَيْرِهِ ۚ وَإِمَّا يُنْسِيَنَّكَ الشَّيْطَانُ فَلَا تَقْعُدْ بَعْدَ الذِّكْرَىٰ مَعَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Ей, Мұхаммед! Қашан олардың Біздің аяттарымызға байланысты бос сөзге кіріскенін көрген кезде, олар басқа әңгімеге ауысқандарына дейін олардан теріс бұрыл. Егер шайтан саған ұмыттырса, есіңе түскеннен кейін, әділетсіз адамдармен бірге отырма
وَمَا عَلَى الَّذِينَ يَتَّقُونَ مِنْ حِسَابِهِمْ مِنْ شَيْءٍ وَلَٰكِنْ ذِكْرَىٰ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ
Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар тақуалық етушілер , олардың мүшріктердің есебінен сұралмайды. Тек, олар Аллаһтың жазасынан сақтанулары үшін еске салу ескерту керек
وَذَرِ الَّذِينَ اتَّخَذُوا دِينَهُمْ لَعِبًا وَلَهْوًا وَغَرَّتْهُمُ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا ۚ وَذَكِّرْ بِهِ أَنْ تُبْسَلَ نَفْسٌ بِمَا كَسَبَتْ لَيْسَ لَهَا مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلِيٌّ وَلَا شَفِيعٌ وَإِنْ تَعْدِلْ كُلَّ عَدْلٍ لَا يُؤْخَذْ مِنْهَا ۗ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ أُبْسِلُوا بِمَا كَسَبُوا ۖ لَهُمْ شَرَابٌ مِنْ حَمِيمٍ وَعَذَابٌ أَلِيمٌ بِمَا كَانُوا يَكْفُرُونَ
Өз діндерін ойын әрі бос ермек етіп алғандарды және осы өмір алдағандарды жайына қалдыр. Әрі онымен Құранмен жанның істеп тапқандары күнәлары салдарынан құритындығын еске сал. Оған Аллаһтан өзге ешбір қамқоршы да, арашашы да болмайды. Әрі қандай төлем берсе де одан алынбайды. Міне, солар істеген істерінің салдарынан, өздерін жойылуға душар еткендер. Оларға, күпірліктері иманды теріске шығарғандықтары үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі күйзелтуші азап бар
قُلْ أَنَدْعُو مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَنْفَعُنَا وَلَا يَضُرُّنَا وَنُرَدُّ عَلَىٰ أَعْقَابِنَا بَعْدَ إِذْ هَدَانَا اللَّهُ كَالَّذِي اسْتَهْوَتْهُ الشَّيَاطِينُ فِي الْأَرْضِ حَيْرَانَ لَهُ أَصْحَابٌ يَدْعُونَهُ إِلَى الْهُدَى ائْتِنَا ۗ قُلْ إِنَّ هُدَى اللَّهِ هُوَ الْهُدَىٰ ۖ وَأُمِرْنَا لِنُسْلِمَ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ
Ей, Мұхаммед Айт: «Аллаһтан басқа бізге не пайда, не зиян келтіре алмайтын бір нәрседен тілейміз бе? Әрі Аллаһ бізді тура жолға түсіргеннен кейін, жолдастары: «Біз жаққа кел», деп, тура жолға шақырып тұрса да, жер бетінде шайтандар азғырып, дал болған өзін жоғалтқан біреу секілді, артымызға қайтарыламыз ба?» деп. Айт: «Аллаһтың жолы анық тура жол. Біз әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдық

Choose other languages: