Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #66 Translated in Kazakh

ثُمَّ رُدُّوا إِلَى اللَّهِ مَوْلَاهُمُ الْحَقِّ ۚ أَلَا لَهُ الْحُكْمُ وَهُوَ أَسْرَعُ الْحَاسِبِينَ
Содан кейін олар, өздерінің шын Иелері Аллаһқа қайтарылады. Біліңдер, үкім ету Оның ғана билігінде. Ол есеп алушылардың ең жылдамы
قُلْ مَنْ يُنَجِّيكُمْ مِنْ ظُلُمَاتِ الْبَرِّ وَالْبَحْرِ تَدْعُونَهُ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً لَئِنْ أَنْجَانَا مِنْ هَٰذِهِ لَنَكُونَنَّ مِنَ الشَّاكِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендер Оған жалбарына әрі құпия түрде: «Ол бізді осыдан апаттан құтқарса, әлбетте біз шүкір етушілерден Оның берген игіліктеріне алғысбілдірушілерден боламыз», деп көмекке шақырған кездеріңде, сендерді құрлық және теңіз қараңғылықтарынан кім құтқарады?» деп
قُلِ اللَّهُ يُنَجِّيكُمْ مِنْهَا وَمِنْ كُلِّ كَرْبٍ ثُمَّ أَنْتُمْ تُشْرِكُونَ
Айт: «Сендерді бұдан және әрбір қайғыдан Аллаһ қана құтқарады. Сонда да сендер Оған әр нәрсені серік етіп қосасыңдар!» деп
قُلْ هُوَ الْقَادِرُ عَلَىٰ أَنْ يَبْعَثَ عَلَيْكُمْ عَذَابًا مِنْ فَوْقِكُمْ أَوْ مِنْ تَحْتِ أَرْجُلِكُمْ أَوْ يَلْبِسَكُمْ شِيَعًا وَيُذِيقَ بَعْضَكُمْ بَأْسَ بَعْضٍ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُصَرِّفُ الْآيَاتِ لَعَلَّهُمْ يَفْقَهُونَ
Айт: «Ол, сендерге төбелеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге не сендерді гүрлі топтарға бөліп, шиеленістіруге және кейбіреулеріне өзгелеріңнің қатыгездігін таттыруға күші жетеді», деп. Олардың ұғулары үшін аяттарымызды қалай түсіндіретінімізге назар сал
وَكَذَّبَ بِهِ قَوْمُكَ وَهُوَ الْحَقُّ ۚ قُلْ لَسْتُ عَلَيْكُمْ بِوَكِيلٍ
Қауымың оны Құранды , ол ақиқат болса да, өтірікке шығарды. Айт: «Мен сендерге жауапты емеспін

Choose other languages: