Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #25 Translated in Kazakh

وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا أَوْ كَذَّبَ بِآيَاتِهِ ۗ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الظَّالِمُونَ
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан жала жапқаннан немесе Оның аяттарын жалғанға шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар? Негізінде әділетсіздік етушілер мақсат-мұраттарына жетпейді
وَيَوْمَ نَحْشُرُهُمْ جَمِيعًا ثُمَّ نَقُولُ لِلَّذِينَ أَشْرَكُوا أَيْنَ شُرَكَاؤُكُمُ الَّذِينَ كُنْتُمْ تَزْعُمُونَ
Ол қайта тірілу күні Біз олардың барлығын жинаймыз, содан кейін мүшріктерге Аллаһқа серік қосушыларға : «Сендердің бар деп санаған серіктерің қайда?» дейміз
ثُمَّ لَمْ تَكُنْ فِتْنَتُهُمْ إِلَّا أَنْ قَالُوا وَاللَّهِ رَبِّنَا مَا كُنَّا مُشْرِكِينَ
Сонда олардың: «Раббымыз! Аллаһпен ант етеміз! Біз Аллаһқа серік қосушылардан болмадық», деуден басқа бүліктері өтірік ақталулары болмайды
انْظُرْ كَيْفَ كَذَبُوا عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ ۚ وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Өздеріне қарсы олардың қалай өтірік айтқандарына қара! Олардың өтіріктен құрастырғандары жоқ болып кетті
وَمِنْهُمْ مَنْ يَسْتَمِعُ إِلَيْكَ ۖ وَجَعَلْنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ أَكِنَّةً أَنْ يَفْقَهُوهُ وَفِي آذَانِهِمْ وَقْرًا ۚ وَإِنْ يَرَوْا كُلَّ آيَةٍ لَا يُؤْمِنُوا بِهَا ۚ حَتَّىٰ إِذَا جَاءُوكَ يُجَادِلُونَكَ يَقُولُ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
Ей, Мұхаммед! Олардың ішінде сені тыңдап көретіндер де бар. Бірақ Біз олардың серік қосушылардың ұқпаулары үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Олар әрбір белгіні көрсе де оған сенбейді. Тіпті өзіңмен тартысуға алдыңа келген кезде, сол күпірлік еткендер аяттарды теріске шығарушылар : «Бұл бұрынғылардың аңыз-ертегілерінен басқа нәрсе емес», дейді

Choose other languages: