Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #96 Translated in Kazakh

لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّىٰ تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ ۚ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ شَيْءٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ
Сендер жақсы көрген нәрселеріңнен жұмсамайынша, игілікке жете алмайсыңдар. Әрі сендер не жұмсасаңдар да, Аллаһ оны Білуші
كُلُّ الطَّعَامِ كَانَ حِلًّا لِبَنِي إِسْرَائِيلَ إِلَّا مَا حَرَّمَ إِسْرَائِيلُ عَلَىٰ نَفْسِهِ مِنْ قَبْلِ أَنْ تُنَزَّلَ التَّوْرَاةُ ۗ قُلْ فَأْتُوا بِالتَّوْرَاةِ فَاتْلُوهَا إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Тәурат түсірілуден бұрын, Исраилдың Йаъқуб пайғамбардың өз-өзіне тыйым салғанынан басқа барлық тағам Исраил ұрпақтарына рұқсат етілген еді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, онда Тәуратты әкеліп, оны оқыңдар», деп
فَمَنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
Ал, кім осыдан кейін өтірікті құрастырып, Аллаһқа жала жапса, міне, солар нағыз әділетсіздер
قُلْ صَدَقَ اللَّهُ ۗ فَاتَّبِعُوا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ шын- дықты айтты. Ханиф Ибраһимнің дініне еріңдер. Ол мүшріктерден Аллаһқа серік қосушылардан емес еді», деп
إِنَّ أَوَّلَ بَيْتٍ وُضِعَ لِلنَّاسِ لَلَّذِي بِبَكَّةَ مُبَارَكًا وَهُدًى لِلْعَالَمِينَ
Ақиқатында, адамдарға ең алғаш салынған Бәккедегі үй. Ол әлемдер үшін құт-береке әрі тура жол

Choose other languages: