Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #98 Translated in Kazakh

فَمَنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
Ал, кім осыдан кейін өтірікті құрастырып, Аллаһқа жала жапса, міне, солар нағыз әділетсіздер
قُلْ صَدَقَ اللَّهُ ۗ فَاتَّبِعُوا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ шын- дықты айтты. Ханиф Ибраһимнің дініне еріңдер. Ол мүшріктерден Аллаһқа серік қосушылардан емес еді», деп
إِنَّ أَوَّلَ بَيْتٍ وُضِعَ لِلنَّاسِ لَلَّذِي بِبَكَّةَ مُبَارَكًا وَهُدًى لِلْعَالَمِينَ
Ақиқатында, адамдарға ең алғаш салынған Бәккедегі үй. Ол әлемдер үшін құт-береке әрі тура жол
فِيهِ آيَاتٌ بَيِّنَاتٌ مَقَامُ إِبْرَاهِيمَ ۖ وَمَنْ دَخَلَهُ كَانَ آمِنًا ۗ وَلِلَّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلًا ۚ وَمَنْ كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ
Онда анық белгілер Ибраһимнің мақамы орны бар. Кім оған кірсе, аман болады. Аллаһ адамдарға Үйге қажылық жасауды, оның жолына Қағбаға баруға шамасы келгендер үшін міндеттеді. Ал, кім күпірлік етсе мұны теріске шығарса , күмәнсіз, Аллаһ әлемдерден Бай, мұқтаж емес
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لِمَ تَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَاللَّهُ شَهِيدٌ عَلَىٰ مَا تَعْمَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Аллаһтың аяттарына неге күпірлік етесіңдер қарсы келесіңдер ? Ал, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңа куә ғой», деп

Choose other languages: