Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #100 Translated in Kazakh

إِنَّ أَوَّلَ بَيْتٍ وُضِعَ لِلنَّاسِ لَلَّذِي بِبَكَّةَ مُبَارَكًا وَهُدًى لِلْعَالَمِينَ
Ақиқатында, адамдарға ең алғаш салынған Бәккедегі үй. Ол әлемдер үшін құт-береке әрі тура жол
فِيهِ آيَاتٌ بَيِّنَاتٌ مَقَامُ إِبْرَاهِيمَ ۖ وَمَنْ دَخَلَهُ كَانَ آمِنًا ۗ وَلِلَّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلًا ۚ وَمَنْ كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ
Онда анық белгілер Ибраһимнің мақамы орны бар. Кім оған кірсе, аман болады. Аллаһ адамдарға Үйге қажылық жасауды, оның жолына Қағбаға баруға шамасы келгендер үшін міндеттеді. Ал, кім күпірлік етсе мұны теріске шығарса , күмәнсіз, Аллаһ әлемдерден Бай, мұқтаж емес
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لِمَ تَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَاللَّهُ شَهِيدٌ عَلَىٰ مَا تَعْمَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Аллаһтың аяттарына неге күпірлік етесіңдер қарсы келесіңдер ? Ал, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңа куә ғой», деп
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لِمَ تَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ مَنْ آمَنَ تَبْغُونَهَا عِوَجًا وَأَنْتُمْ شُهَدَاءُ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Өздерің куә бола тұра, не үшін Аллаһтың жолын бұрмалауға ұмтылып, иманға келгендерді одан тосасыңдар? Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл аңдамай қалушы емес», деп
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تُطِيعُوا فَرِيقًا مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ يَرُدُّوكُمْ بَعْدَ إِيمَانِكُمْ كَافِرِينَ
Ей, иманға келгендер! Егер Кітап берілгендердің кейбір тобына бағынсаңдар, иманға келгендеріңнен кейін олар сендерді кәпірлікке қайтарады

Choose other languages: