Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #102 Translated in Kazakh

قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لِمَ تَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَاللَّهُ شَهِيدٌ عَلَىٰ مَا تَعْمَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Аллаһтың аяттарына неге күпірлік етесіңдер қарсы келесіңдер ? Ал, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңа куә ғой», деп
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لِمَ تَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ مَنْ آمَنَ تَبْغُونَهَا عِوَجًا وَأَنْتُمْ شُهَدَاءُ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Өздерің куә бола тұра, не үшін Аллаһтың жолын бұрмалауға ұмтылып, иманға келгендерді одан тосасыңдар? Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл аңдамай қалушы емес», деп
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تُطِيعُوا فَرِيقًا مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ يَرُدُّوكُمْ بَعْدَ إِيمَانِكُمْ كَافِرِينَ
Ей, иманға келгендер! Егер Кітап берілгендердің кейбір тобына бағынсаңдар, иманға келгендеріңнен кейін олар сендерді кәпірлікке қайтарады
وَكَيْفَ تَكْفُرُونَ وَأَنْتُمْ تُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ آيَاتُ اللَّهِ وَفِيكُمْ رَسُولُهُ ۗ وَمَنْ يَعْتَصِمْ بِاللَّهِ فَقَدْ هُدِيَ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Сендерге Аллаһтың аяттары оқылып әрі араларында Оның Елшісі бола тұрып, қалайша күпірлік етесіңдер сенбей, қарсы келесіңдер ? Ал, кім Аллаһтан айрылмай ұстаса, сөзсіз, ол тура жолға түсірілген болады
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ حَقَّ تُقَاتِهِ وَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنْتُمْ مُسْلِمُونَ
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа шын Оған лайықты түрде болған тақуалықпен Оның жазасынан шын қорқып, сақтанумен тақуалық етіңдер әрі Мұсылман күйінде болмаса, өзге халде өлуші болмаңдар. Мұсылман болған күйде ғана өмірден өтіңдер

Choose other languages: