Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #95 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَمَاتُوا وَهُمْ كُفَّارٌ فَلَنْ يُقْبَلَ مِنْ أَحَدِهِمْ مِلْءُ الْأَرْضِ ذَهَبًا وَلَوِ افْتَدَىٰ بِهِ ۗ أُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ وَمَا لَهُمْ مِنْ نَاصِرِينَ
Ақиқатында, күпірлік етіп иманнан бас тартып , сөйтіп кәпір күйінде өлгендердің ешқайсысынан өзін құтқару үшін өтемге жер жүзі толған алтын берсе де қабыл етілмейді. Міне, соларға күйзелтуші азап бар. Әрі оларға бірде-бір жәрдемші жоқ
لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّىٰ تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ ۚ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ شَيْءٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ
Сендер жақсы көрген нәрселеріңнен жұмсамайынша, игілікке жете алмайсыңдар. Әрі сендер не жұмсасаңдар да, Аллаһ оны Білуші
كُلُّ الطَّعَامِ كَانَ حِلًّا لِبَنِي إِسْرَائِيلَ إِلَّا مَا حَرَّمَ إِسْرَائِيلُ عَلَىٰ نَفْسِهِ مِنْ قَبْلِ أَنْ تُنَزَّلَ التَّوْرَاةُ ۗ قُلْ فَأْتُوا بِالتَّوْرَاةِ فَاتْلُوهَا إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Тәурат түсірілуден бұрын, Исраилдың Йаъқуб пайғамбардың өз-өзіне тыйым салғанынан басқа барлық тағам Исраил ұрпақтарына рұқсат етілген еді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, онда Тәуратты әкеліп, оны оқыңдар», деп
فَمَنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
Ал, кім осыдан кейін өтірікті құрастырып, Аллаһқа жала жапса, міне, солар нағыз әділетсіздер
قُلْ صَدَقَ اللَّهُ ۗ فَاتَّبِعُوا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ шын- дықты айтты. Ханиф Ибраһимнің дініне еріңдер. Ол мүшріктерден Аллаһқа серік қосушылардан емес еді», деп

Choose other languages: