Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #184 Translated in Kazakh

وَلَا يَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَبْخَلُونَ بِمَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ هُوَ خَيْرًا لَهُمْ ۖ بَلْ هُوَ شَرٌّ لَهُمْ ۖ سَيُطَوَّقُونَ مَا بَخِلُوا بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ وَلِلَّهِ مِيرَاثُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۗ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Аллаһтың Өз кеңшілігінен бергеніне сараңдық ететіндер, оны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Керісінше, бұл оларға жамандық. Қайта тірілу күні олар сараңдық етіп, бермеген нәрселерімен оратылады. Аспандар мен жердің мирасы Аллаһтікі. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар
لَقَدْ سَمِعَ اللَّهُ قَوْلَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ فَقِيرٌ وَنَحْنُ أَغْنِيَاءُ ۘ سَنَكْتُبُ مَا قَالُوا وَقَتْلَهُمُ الْأَنْبِيَاءَ بِغَيْرِ حَقٍّ وَنَقُولُ ذُوقُوا عَذَابَ الْحَرِيقِ
Ақиқатында, Аллаһ олардың иудейлердің : «Аллаһ кедей, біз баймыз», деген сөздерін естіді. Олардың айтқандарын және құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтіргендерін жазамыз әрі Оларға : «Өртеуші оттың азабын татыңдар!» дейміз
ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيكُمْ وَأَنَّ اللَّهَ لَيْسَ بِظَلَّامٍ لِلْعَبِيدِ
Бұл өз қолдарың дайындағаны істеген күнәларың себепті, өйткені Аллаһ құлдарына еш әділетсіздік етуші емес
الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ عَهِدَ إِلَيْنَا أَلَّا نُؤْمِنَ لِرَسُولٍ حَتَّىٰ يَأْتِيَنَا بِقُرْبَانٍ تَأْكُلُهُ النَّارُ ۗ قُلْ قَدْ جَاءَكُمْ رُسُلٌ مِنْ قَبْلِي بِالْبَيِّنَاتِ وَبِالَّذِي قُلْتُمْ فَلِمَ قَتَلْتُمُوهُمْ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Сондай: «От жалмап қоятын бір құрбандық алып келмейінше, Аллаһ бізден Елшіге сенбеуіміз жайлы серт алды», дегендерге айт: «Ақиқатында сендерге менен бұрын да анық дәлелдермен және өздерің айтқан нәрсемен елшілер келген еді. Шын сөзді болсаңдар, сонда оларды не үшін өлтірдіңдер?» деп
فَإِنْ كَذَّبُوكَ فَقَدْ كُذِّبَ رُسُلٌ مِنْ قَبْلِكَ جَاءُوا بِالْبَيِّنَاتِ وَالزُّبُرِ وَالْكِتَابِ الْمُنِيرِ
Ей, Мұхаммед! Егер олар сені өтірікке шығарса, ақиқатында, анық белгі- дәлелдермен, жазбалармен және нұрландырушы Кітаппен келген сенен бұрынғы елшілер де өтірікке шығарылған еді

Choose other languages: