Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #185 Translated in Kazakh

لَقَدْ سَمِعَ اللَّهُ قَوْلَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ فَقِيرٌ وَنَحْنُ أَغْنِيَاءُ ۘ سَنَكْتُبُ مَا قَالُوا وَقَتْلَهُمُ الْأَنْبِيَاءَ بِغَيْرِ حَقٍّ وَنَقُولُ ذُوقُوا عَذَابَ الْحَرِيقِ
Ақиқатында, Аллаһ олардың иудейлердің : «Аллаһ кедей, біз баймыз», деген сөздерін естіді. Олардың айтқандарын және құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтіргендерін жазамыз әрі Оларға : «Өртеуші оттың азабын татыңдар!» дейміз
ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيكُمْ وَأَنَّ اللَّهَ لَيْسَ بِظَلَّامٍ لِلْعَبِيدِ
Бұл өз қолдарың дайындағаны істеген күнәларың себепті, өйткені Аллаһ құлдарына еш әділетсіздік етуші емес
الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ عَهِدَ إِلَيْنَا أَلَّا نُؤْمِنَ لِرَسُولٍ حَتَّىٰ يَأْتِيَنَا بِقُرْبَانٍ تَأْكُلُهُ النَّارُ ۗ قُلْ قَدْ جَاءَكُمْ رُسُلٌ مِنْ قَبْلِي بِالْبَيِّنَاتِ وَبِالَّذِي قُلْتُمْ فَلِمَ قَتَلْتُمُوهُمْ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Сондай: «От жалмап қоятын бір құрбандық алып келмейінше, Аллаһ бізден Елшіге сенбеуіміз жайлы серт алды», дегендерге айт: «Ақиқатында сендерге менен бұрын да анық дәлелдермен және өздерің айтқан нәрсемен елшілер келген еді. Шын сөзді болсаңдар, сонда оларды не үшін өлтірдіңдер?» деп
فَإِنْ كَذَّبُوكَ فَقَدْ كُذِّبَ رُسُلٌ مِنْ قَبْلِكَ جَاءُوا بِالْبَيِّنَاتِ وَالزُّبُرِ وَالْكِتَابِ الْمُنِيرِ
Ей, Мұхаммед! Егер олар сені өтірікке шығарса, ақиқатында, анық белгі- дәлелдермен, жазбалармен және нұрландырушы Кітаппен келген сенен бұрынғы елшілер де өтірікке шығарылған еді
كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ۗ وَإِنَّمَا تُوَفَّوْنَ أُجُورَكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۖ فَمَنْ زُحْزِحَ عَنِ النَّارِ وَأُدْخِلَ الْجَنَّةَ فَقَدْ فَازَ ۗ وَمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا إِلَّا مَتَاعُ الْغُرُورِ
Әрбір жан өлім дәмін татады. Шын мәнінде, Қайта тірілу күні сендер­ге ақыларың толық беріледі. Сонда кім Оттан тозақтан алыстатылып, Жәннатқа кіргізілсе, ол шынымен табысқа жетті. Ал, бұл өмір бар болғаны алдамшы рахаттың өткінші пайдаланудың ғана нәрсесі

Choose other languages: