Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #178 Translated in Kazakh

فَانْقَلَبُوا بِنِعْمَةٍ مِنَ اللَّهِ وَفَضْلٍ لَمْ يَمْسَسْهُمْ سُوءٌ وَاتَّبَعُوا رِضْوَانَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ ذُو فَضْلٍ عَظِيمٍ
Әрі оларға еш жамандық тимей Аллаһтың игілігі және кеңшілігімен қайтып оралды және олар Аллаһтың ризалығына ерді. Аллаһ ұлы кеңшілік иесі
إِنَّمَا ذَٰلِكُمُ الشَّيْطَانُ يُخَوِّفُ أَوْلِيَاءَهُ فَلَا تَخَافُوهُمْ وَخَافُونِ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Шын мәнінде, сол шайтан, өзіне ерушілерді ғана қорқытады. Сондықтан олар­дан қорықпаңдар, иманды мүмін болсаңдар Менен қорқыңдар
وَلَا يَحْزُنْكَ الَّذِينَ يُسَارِعُونَ فِي الْكُفْرِ ۚ إِنَّهُمْ لَنْ يَضُرُّوا اللَّهَ شَيْئًا ۗ يُرِيدُ اللَّهُ أَلَّا يَجْعَلَ لَهُمْ حَظًّا فِي الْآخِرَةِ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Күпірлікке иманды теріске шығаруға асыққандар сені қайғыртпасын. Ақиқатында, олар Аллаһқа ешқандай зиян келтіре алмайды. Аллаһ оларға соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте ешбір үлес бермеуді қалайды. Әрі оларға өте үлкен азап бар
إِنَّ الَّذِينَ اشْتَرَوُا الْكُفْرَ بِالْإِيمَانِ لَنْ يَضُرُّوا اللَّهَ شَيْئًا وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ақиқатында, иманның орнына күпірлікті имансыздықты сатып алғандар Аллаһқа ешқандай зиян тигізе алмайды. Әрі оларға күйзелтуші азап бар
وَلَا يَحْسَبَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّمَا نُمْلِي لَهُمْ خَيْرٌ لِأَنْفُسِهِمْ ۚ إِنَّمَا نُمْلِي لَهُمْ لِيَزْدَادُوا إِثْمًا ۚ وَلَهُمْ عَذَابٌ مُهِينٌ
Әрі сондай күпірлік еткендер иманға келуден бас тартқандар , оларға уақыт беруімізді, өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Негізінде, оларға күнәларының көбеюі үшін ғана уақыт береміз. Оларға қорлаушы азап бар

Choose other languages: