Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #180 Translated in Kazakh

وَلَا يَحْزُنْكَ الَّذِينَ يُسَارِعُونَ فِي الْكُفْرِ ۚ إِنَّهُمْ لَنْ يَضُرُّوا اللَّهَ شَيْئًا ۗ يُرِيدُ اللَّهُ أَلَّا يَجْعَلَ لَهُمْ حَظًّا فِي الْآخِرَةِ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Күпірлікке иманды теріске шығаруға асыққандар сені қайғыртпасын. Ақиқатында, олар Аллаһқа ешқандай зиян келтіре алмайды. Аллаһ оларға соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте ешбір үлес бермеуді қалайды. Әрі оларға өте үлкен азап бар
إِنَّ الَّذِينَ اشْتَرَوُا الْكُفْرَ بِالْإِيمَانِ لَنْ يَضُرُّوا اللَّهَ شَيْئًا وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ақиқатында, иманның орнына күпірлікті имансыздықты сатып алғандар Аллаһқа ешқандай зиян тигізе алмайды. Әрі оларға күйзелтуші азап бар
وَلَا يَحْسَبَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّمَا نُمْلِي لَهُمْ خَيْرٌ لِأَنْفُسِهِمْ ۚ إِنَّمَا نُمْلِي لَهُمْ لِيَزْدَادُوا إِثْمًا ۚ وَلَهُمْ عَذَابٌ مُهِينٌ
Әрі сондай күпірлік еткендер иманға келуден бас тартқандар , оларға уақыт беруімізді, өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Негізінде, оларға күнәларының көбеюі үшін ғана уақыт береміз. Оларға қорлаушы азап бар
مَا كَانَ اللَّهُ لِيَذَرَ الْمُؤْمِنِينَ عَلَىٰ مَا أَنْتُمْ عَلَيْهِ حَتَّىٰ يَمِيزَ الْخَبِيثَ مِنَ الطَّيِّبِ ۗ وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُطْلِعَكُمْ عَلَى الْغَيْبِ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يَجْتَبِي مِنْ رُسُلِهِ مَنْ يَشَاءُ ۖ فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ ۚ وَإِنْ تُؤْمِنُوا وَتَتَّقُوا فَلَكُمْ أَجْرٌ عَظِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Аллаһ жақсыдан жаманды айырғанға дейін имандыларды мүміндерді сендер болған осы халде жағдайда қалдырып қоюшы емес. Аллаһ сендерге ғайыпты білдірмейді. Бірақ, Аллаһ елшілері арасынан Өз қалағанын таңдап алады. Ендеше Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер! Егер иманға келсеңдер және тақуалық қылсаңдар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар сендерге ұлы сый бар
وَلَا يَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَبْخَلُونَ بِمَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ هُوَ خَيْرًا لَهُمْ ۖ بَلْ هُوَ شَرٌّ لَهُمْ ۖ سَيُطَوَّقُونَ مَا بَخِلُوا بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ وَلِلَّهِ مِيرَاثُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۗ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Аллаһтың Өз кеңшілігінен бергеніне сараңдық ететіндер, оны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Керісінше, бұл оларға жамандық. Қайта тірілу күні олар сараңдық етіп, бермеген нәрселерімен оратылады. Аспандар мен жердің мирасы Аллаһтікі. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар

Choose other languages: