Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #18 Translated in Kazakh

زُيِّنَ لِلنَّاسِ حُبُّ الشَّهَوَاتِ مِنَ النِّسَاءِ وَالْبَنِينَ وَالْقَنَاطِيرِ الْمُقَنْطَرَةِ مِنَ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ وَالْخَيْلِ الْمُسَوَّمَةِ وَالْأَنْعَامِ وَالْحَرْثِ ۗ ذَٰلِكَ مَتَاعُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَاللَّهُ عِنْدَهُ حُسْنُ الْمَآبِ
Әйелдерге, перзенттерге деген, үйме-үйме алтын-күміске, жақсы аттарға, шаруа малдарына және егіндікке деген құмарлықты жақсы көру адамдарға әдемі етіліп көрсетілді. Бұл осы өмірдің қызығы. Ал, қайтатын жердің көркемі Аллаһта
قُلْ أَؤُنَبِّئُكُمْ بِخَيْرٍ مِنْ ذَٰلِكُمْ ۚ لِلَّذِينَ اتَّقَوْا عِنْدَ رَبِّهِمْ جَنَّاتٌ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا وَأَزْوَاجٌ مُطَهَّرَةٌ وَرِضْوَانٌ مِنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِالْعِبَادِ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендерге осы нәрселеріңнен қайырлысын хабарлайын ба? Тақуа болғандарға Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға олардың Раббысынан астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын Жәннат бақтары, әрі пәк жұбайлар және Аллаһтың ризалығы бар»,- деп. Әрі Аллаһ құлдарын Көруші
الَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا إِنَّنَا آمَنَّا فَاغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ
солар: «Раббымыз! Ақиқатында, біз иманға келдік, біздің күнәларымызды кешір әрі бізді От тозақ азабынан сақта»,- дейтіндер
الصَّابِرِينَ وَالصَّادِقِينَ وَالْقَانِتِينَ وَالْمُنْفِقِينَ وَالْمُسْتَغْفِرِينَ بِالْأَسْحَارِ
солар сабыр етушілер, шыншылдар, Аллаһқа берілушілер, мал-дүние жұмсаушылар және сахарда таңсәріде кешірім тілеушілер
شَهِدَ اللَّهُ أَنَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ وَالْمَلَائِكَةُ وَأُولُو الْعِلْمِ قَائِمًا بِالْقِسْطِ ۚ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне Аллаһтың Өзі әрі періштелер және білім иелері де куәлік береді. Ол әділдікті Орнатушы, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана

Choose other languages: