Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #19 Translated in Kazakh

قُلْ أَؤُنَبِّئُكُمْ بِخَيْرٍ مِنْ ذَٰلِكُمْ ۚ لِلَّذِينَ اتَّقَوْا عِنْدَ رَبِّهِمْ جَنَّاتٌ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا وَأَزْوَاجٌ مُطَهَّرَةٌ وَرِضْوَانٌ مِنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِالْعِبَادِ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендерге осы нәрселеріңнен қайырлысын хабарлайын ба? Тақуа болғандарға Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға олардың Раббысынан астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын Жәннат бақтары, әрі пәк жұбайлар және Аллаһтың ризалығы бар»,- деп. Әрі Аллаһ құлдарын Көруші
الَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا إِنَّنَا آمَنَّا فَاغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ
солар: «Раббымыз! Ақиқатында, біз иманға келдік, біздің күнәларымызды кешір әрі бізді От тозақ азабынан сақта»,- дейтіндер
الصَّابِرِينَ وَالصَّادِقِينَ وَالْقَانِتِينَ وَالْمُنْفِقِينَ وَالْمُسْتَغْفِرِينَ بِالْأَسْحَارِ
солар сабыр етушілер, шыншылдар, Аллаһқа берілушілер, мал-дүние жұмсаушылар және сахарда таңсәріде кешірім тілеушілер
شَهِدَ اللَّهُ أَنَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ وَالْمَلَائِكَةُ وَأُولُو الْعِلْمِ قَائِمًا بِالْقِسْطِ ۚ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне Аллаһтың Өзі әрі періштелер және білім иелері де куәлік береді. Ол әділдікті Орнатушы, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана
إِنَّ الدِّينَ عِنْدَ اللَّهِ الْإِسْلَامُ ۗ وَمَا اخْتَلَفَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ إِلَّا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْعِلْمُ بَغْيًا بَيْنَهُمْ ۗ وَمَنْ يَكْفُرْ بِآيَاتِ اللَّهِ فَإِنَّ اللَّهَ سَرِيعُ الْحِسَابِ
Ақиқатында, Аллаһтың алдындағы дін Ислам. Кітап берілгендер өздеріне білім келгеннен кейін өзара іштарлық және әділетсіздіктері себебінен ғана қайшылыққа түсті. Кім Аллаһтың аяттарына күпірлік етсе сенбесе, қарсы келсе ақиқатында, Аллаһ есепті жылдам алушы

Choose other languages: